Жарияланған күні: 12.02.2015 19:35
Өзгертілген күні: 16.02.2015 13:08

Үздіктер белгілі болды

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығына, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылуы күніне орай Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Спартакиадасының шеңберінде «Динамо» дене тәрбиесi-спорт қоғамының спорт кешені және «Бурабай» спорт сарайының базасында  іріктеу туры өтті.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы жарыс: волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат,  «қазақша-күрес» түрлері бойынша өткізілді.

Спартакиаданың негізгі мақсаты ұжымды және қызметкерлерді біріктіру, сондай-ақ патриотизмді арттыру және рухани өсіру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінде зиянды әдеттерден арылуды қалыптастыру болып табылады.

Спорттық ойындарға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінен кұрылған 3 команда қатысты, бұл - «Орталық» (Мемлекеттік кірістер департаментінің құрама командасы),  «Бурабай» (Бурабай, Бұланды, Ақкөл, Шортанды, Астрахань, Аршалы, Ерейментау, Еңбекшілдер, Целиноград, Егіндікөл, Қорғалжын аудандары және Степногорск қаласы бойынша аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының құрама командасы), «Синегорье» (Зеренді, Сандықтау, Есіл, Жақсы,  Жарқайын аудандары және Көкшетау мен Атбасар қалалары бойынша аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының құрама командасы). 

Жарыс, үздік қатысушыларды анықтай отырып, жоғары деңгейде өтті. Командалар тамаша ұйымдасқан ойынды, сондай-ақ командалық рухты көрсетті. Барлық қатысушылар жеңіс үшін бар күштерін салып, ойын ережесін адал сақтады.

Іріктеу турдың нәтижесі бойынша «Орталық» командасы әйелдер және ерлер арасындағы волейболдан, шағын футболдан, сондай-ақ үстел теннисі бойынша чемпион атанды. Ал үздік шахматшы атағына «Бурабай» командасы ие болды.

«Қазақша-күрес» ұлттық күрес жеңімпазы атағына салмағы 68 кг дейінгі санатында - Мейрам Қасымбеков, салмағы  74 кг дейін санатында - Мирас Мұратов, салмағы  82 кг дейін санатында - Нұрлыбек Сыздықов,   салмағы 90 кг дейін санатында - Әсет Жүсіпов, салмағы 90 кг жоғары санатында - Абылай Сәкеев иеленді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов жеңімпаздарға  дипломдарын табыс етіп, олардың Спартакиаданың келесі кезеңінде - ағымдағы жылғы наурыз-сәуір айында өтетін облыстар бойынша МКД арасындағы өңірлік жарыстарда біздің облысымыздың намысын жоғары абыроймен қорғайтынына сенім білдірді.

    Сонымен қатар, осындай іс-шараларды өткізу салауатты өмір салтына жауапты қарым-қатынастың насихатын одан әрі қалыптастыруға ықпал ететінін атап өткен жөн.

 

Ақмола облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті