Жарияланған күні: 15.10.2015 16:54
Өзгертілген күні: 15.10.2015 16:56

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

15.10.2015ж.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу: ерекшелігі, проблемалары және келешегі

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелеріне арналған брифинг өтті.

Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу жер қойнауының төлемдік қағидатына негізделеді. Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдаланушылардың жекелеген санаттары жер қойнауын пайдаланудан салықтарды азайтуға мүмкіндік беретін түрлі схемаларын қолданады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салық салудан жалтару схемасын құруға жол бермеу және бюджетке салықтардың толыққанды түсуін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығымен бірлесіп қазіргі уақытта мынадай:

  • жер асты сулары, көпшілікке таралған пайдалы қазбалар және теңгерімінен тыс қорлар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
  • жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағы бойынша жер салығы;
  • жер қойнауын пайдаланушыларға бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мәселелері талқылануда.

ҚР ҚМ МКК сарапшыларының пікірінше жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу проблемалары туындауының негізгі факторларының бірі оның жер қойнауы туралы заңнамамен тығыз байланыстылығы болып табылады. Тиісінше, жер қойнауы туралы заңнамаға енгізілеген кез келген өзгерістер жер қойнауын пайдаланушылардың салық салу объектісіне әсер етеді.

Бұдан басқа, салық заңнамасында пайдаланылатын анықтамалар әрдайым ашық және анық сипаттамасы жоқ жер қойнауы туралы заңнамаға негізделген. Көбінесе, мемлекеттік кірістер органдары құзыретті органдардан жер қойнауы туралы заңнамасының ережелерін түсіндіру бойынша жүгіне отырып, сол бір сұрақ бойынша бірнеше әртүрлі жауаптардың алынуына тап болады. Осының барлығы жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдер мен салықтарды есептеудің айқындылығы мен толықтығына әсер етеді.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта салық заңнамасына өзгерістер енгізудің тұжырымдамасы қарастырылатын  Жер қойнауы туралы кодекс бойынша жұмыс тобының шеңберінде жұмыс жүргізілуде.

Брифинг барысында ҚР ҚМ МКК өкілдері осы мәселелердің алдағы уақытта шешімін табуға өздерінің пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың кейбір нәтижелерін таныстырды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі