Жарияланған күні: 06.06.2022 17:59
Өзгертілген күні: 06.06.2022 18:00

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
25-бабының 1-тармағына сәйкес, қажет болғанда нормативтік құқықтық актілерде жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтеріне сілтеме жасалуы, сондай-ақ жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасала отырып, осындай актілерден жекелеген құқық нормалары жазып келтірілуі мүмкін.    

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен сәйкестендіру мақсатында тиісті өзгертулер енгізіліп отыр. Атап айтқанда, Қағидалардың 1-тармағында Салық кодексінің
28-бабының 3-тармағына сілтеме түрінде өзгертулер енгізілді.

Жариялы талқылау үшін «Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы «Ашық НҚА»
интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/ admin/viewcard?id=14109926).