Жарияланған күні: 23.04.2019 16:32
Өзгертілген күні: 23.04.2019 16:33

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің электрондық актілерінің қолданылуы*

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының   Заңның (бұдан әрі - Заңы) 1-бабы 2) тармақшасына бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) болып табылады.

Заңның 7-бабы 6-тармағына сәйкес электрондық жеткiзгiштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн жасау кезiнде дара кәсiпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша осындай құжаттардың көшiрмелерiн қағаз жеткiзгiштерде дайындауға тиiс.

Бұл ретте, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Заңының 1-бабы 7) тармақшасына сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат.

Электрондық қолтаңбаны пайдаланушы ұйымдар Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану құқығы мен электрондық қолтаңбаға қол жеткiзуге қатысты сақтық пен бақылаудың тиiстi шараларын белгiлеуге тиiс. 

Осылайша, бухгалтерлiк есепке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дайындалған және куәландырылған электрондық жеткiзгiштегі бастапқы құжаттар қолданылады.

 

* - аталмыш ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін Бухгалтерлік есеп және аудит және бағалау әдіснамасы Департаментінің ұстанымына сәйкес берілген

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)