Жарияланған күні: 11.07.2018 19:03
Өзгертілген күні: 11.07.2018 19:04

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Өткізу бекеттерінде радиациялық бақылаудың ережесі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері  үнемі оқытылып келеді

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі –Комитет) міндеттерінің бірі - бөлінетін радиактивті материалдардың бақылау, ЕҚЭК-тың халқының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кедендік шекара арқылы заңсыз өтетін радиактивті материалдар контрабандасына жол бермеу, кедендік және тағы басқа құқық бұзушылықты анықтау.

Осы мәселені шешуші қырларының бірі - қызметкердің жеке мамандану біліктілігі, оқытушылар тобының біліктілігін жоғарылату, олар тәжірибе мен теориялық білімді коучинг-курстарда алу және келешекте Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығы базасында күндізгі және қашықтықтан оқытуды бейне-конференц байланыс арқылы (БКБ) білімдерін беру.

Комитеттің ОӘО бастапқы даярлау бөлімінің бас маманы  
Д. А. Айтжанов қашықтықтан оқыту және ақпараттық технология бөлімінің бас маманы С. Қ. Алдашевпен 2018 жылдың 26 наурыздан бастап 06 сәуірге дейін, Қазақстан-Ресей шекарасындағы: Қостанай облысы бойынша «Аят»; Павлодар облысы бойынша  «Аманкелді», «Найза»; Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жезкент» өткізу бекеттерінде, Қорғаудың екінші сызығы (ҚЕС) атаулы бағдарламасымен орнатылған, жаңа құрылғыларында радиациялық бақылау бойынша оқыды. Осы техникалық оқыту АҚШ Энергетика министрлігінің қолдауыменен өтті.

Сонымен қатар, олар 2018 жылдың 16-20 сәуірі аралығында, Европа комиссиясының қоса зерттеу орталығының қолдауыменен және АҚШ-тың Энергетика министірлігінің жанындағы Ядролық Қауіпсіздігі бойынша Ұлттық Әкімшілігі, (COSINUS) біріге модельдауды Ядролық Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, Душанбе қаласында (Тәжікстан) өткен семинарға қатысты.

Д. А. Айтжанов 2018 жылдың 20-22 маусымы аралығында, Энергетика және қауіпсіздік орталығы (Мәскеу, Ресей) және Ядролық қауіп-қатерді қысқарту бойынша бастау (Вашингтон, АҚШ; NTI), Халықаралық атом энергиясы бойынша агенттігі (ХАЭБА) серіктестігімен, Қырғыз Республикасы уәкілеттігімен және Канада Үкіметімен өткізілген екінші Орталық Азияда радиация көздерінің қауіпсіздігін нығайту мәселесіне арналған тәжірибелік семинарға қатысты.

Бұл шара Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтті.

Радиация көздеріне бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық және радиактивті материалдардың заңсыз айналымына қарсы әрекет жасау прогрессы Орталық Азия елдерінде, 2017 жылы мамыр айында Астана қаласында өткізілген бірінші семинар өткеннен бері жеткен жетістіктері талқыланды.

Семинардың шолу мақсаттарымен сөйлегендер:

  • Таалайбек Спартакович Асылбеков – Қырғызстан Республикасы Үкіметінің жанындағы экология және техникалық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекциясының статс-хатшысы.
  • Лора Холгейт – Ядролық қауіп-қатерді қысқарту бойынша бастаудың  Вице-президенті (Вашингтон, АҚШ; NTI).
  • Антон Хлопков – Энергетика және қауіпсіздік орталығының директоры (Мәскеу, Ресей)
  • Джулия Клутье – Қазақстандағы Канада Елшілігінің кеңесшісі.
  • Ян Гордон – Халықаралық Атом энергиясы бойынша агенттігі (ХАЭБА), Қалдықтармен айналысу технологиясы бөлімінің баскарушысы.

Семинар барысында, қауіпсіздікті күшейту және радиация сәулесін бақылау бойынша аймақтық күш салысу туралы тақырыппен, Орталық Азия және Қазақстан өкілдерінің тұсаукесерлері және баяндамалары тыңдалды.

Нәтижесінде, Д. А. Айтжанов семинарларда және техникалық курстарда алған білімдері мен тәжірибесімен,  Комитеттің аумақтық органдарындағы Өткізу бекеттерінде радиациялық бақылау жүргізетін қызметкерлермен бөлісті. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында, Комитеттің ОӘО-ғы өткізген 9 күндізгі оқу курсында, ол оқытқан 104 тыңдаушы сертификат алды. Сондай-ақ, ақпанның 14-16 аралығында «Экспорттық бақылау саласында Өткізу бекеттерінде қолданатын техникалық құралдар» атты тақырыппен Қашықтықтан оқыту семинарын өткізілді, семинар аяқталған соң нәтижелі тестілеуді ойдағыдай тапсырған аймақтық органдардың 67 қызметкерлеріне сертификат берілді.

Соңында, Қазақстан Республикасы аймағында радиациялық бақылауды қадағалайтын негізгі нормативті актілер, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 05 ақпандағы № 121 Бұйрығы «Радиациялық бақылауды өткізу Ережесін бекіту туралы» екендігін атап өтеміз.

Осы радиациялық бақылау өткізу ережесі, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабы 15-тармағының 2-тармақшасына сәйкес дайындалған.

Радиациялық бақылау Өткізу бекеттерінде ЕАЭК-тың кедендік шекарасында кеден органдарымен өткізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Женіс даңғылы, 11)