Жарияланған күні: 30.06.2022 18:24
Өзгертілген күні: 30.06.2022 18:26

Түркістанда Өзбекстаннан 9 тоннадан аса шабдалыны декларацияламай әкеліп, тиесілі кедендік төлемдер мен салықтардан жалтаруға тырысқандардың әрекетіне тосқауыл қойылды.

2022 жылдың 25 маусымында Түркістан облысы бойынша                                                                    Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағыталған автокөлікке қатысты инспекционды-тексеру кешені арқылы кедендік бақылау кезінде күдік туындап, кедендік жете тексеру жүргізілді.

Кедендік жете тексеру нәтижесінде кеден бекетінің қызметкерлерімен тауарға арналған декларациясында көрсетілмеген 9180кг жемістер (шабдалы) анықталған. Оның жалпы кедендік құны 5,5 млн. теңгені құраған. Артық шыққан тауарға қатысты кедендік төлемдер мен салық соммасы – 677,7 мың теңгені құрады.

Импорттаушы бір тәулік ішінде бюджетке тиісті салықтар мен төлемдерді төлеген соң, оған артық шыққан тауар қайтарылды.