Жарияланған күні: 29.08.2018 15:09
Өзгертілген күні: 29.08.2018 15:09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұрғындарды формализациялау бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің атқарған жұмысы туралы

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұрғындарды формализациялау бойынша Жол картасын жүзеге асыру мақсатында азаматтардың мәртебелерін үйді-үй аралау арқылы нақтылау жұмыстары жүзеге асуда. Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Комитет)  азаматтардың мәртебелерін нақтылау бойынша 2 санаттар бекітілген:

  • міндетті зейнетақы жарналарынсыз жұмыс істейтіндер;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

2017 жылдың 1 қантар айының жағдайына «Міндетті зейнетақы жарналарынсыз жұмыс істейтіндердің» саны 917 364 тұлғалар құрады, 2018 жылдың 29 тамыз айының жағдайына (жыл бойы жұмыс жүргізу аясында) азаматтардың мәртебелерін нақтыланған 733 999 тұлға немесе                80,0 %, сонымен қатар қалған нақтыланбағандардың саны 183 365 тұлға немесе  20,0 % құрады.

2018 жылдың 29 тамыз айының жағдайына «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» саны 6 239 тұлғалар құрайды, оның ішінде  өз-өздерін дара кәсіпкер ретінде тіркелгенін, шаруақожалық және фермер ретінде мүше боп хабарлағандар саны 6 118 тұлға және жұмысберушілер – 121 тұлға. 

Азаматтардың мәртебелерін нақтылау бойынша Комитетпен жұмыс жалғасуда.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)