Жарияланған күні: 31.01.2024 18:18
Өзгертілген күні: 31.01.2024 18:23

     Бақылау-касса машинасының функцияларын POS-терминалмен біріктіру бойынша пилоттық жоба аяқталды, оның мақсаты фискалдық деректер операторының қызметтері үшін кәсіпкерлердің шығыстарын оңтайландыру, сатып алушыда бір чек, кәсіпкерде бір аппарат.

     Жобаға қатысушылардың саны - 30,8 мың субъектіні құрады,

     POS-терминалдар саны - 31 мыңнан астам (жалпы сомасы 509,9 млрд. теңгеден астам 22,9 миллион чек алынды.). Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.