Жарияланған күні: 28.11.2019 18:51
Өзгертілген күні: 28.11.2019 18:52

Құрметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасының (бұдан әрі – СТК) микросервистік архитектураны есебімен, салықтық есептілік нысандарын (бұдан әрі – СЕН) қабылдау бөлігінде өткізілген техникалық архитектурасына реинжиниринг туралы ақпаратты сіздердің назарларыңызға жеткізеді.

Микросервистік архитектураға көшу СТК-ға СЕН қабылдау кезінде тұрақты жұмыс істеуін және жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, әсіресе ең жоғары кезеңдерде, сонымен қатар бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылардың санын 12 мыңнан 100 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында нысанмен және оның қосымшаларымен жұмыс істеу және ашу уақытын азайту, қорытынды жолдар бойынша сомаларды автоматты есептеуді іске асыру, қосымшалардан негізгі нысанға мәндерді автоматты көшіру, дербес шоттарда көрсетілуге жататын мәліметтерді қалыптастыру және жөнелтуге уақытты едәуір қысқарту бөлігінде пысықтау бөлігінде функционалды пысықтау жүргізілді. Бұл СЕН толтыру және өңдеу уақытын ондаған есе қысқартуға мүмкіндік берді. 

2019 жылдың 27 қазаны мен 27 қарашасы аралығында жаңа технологиялар мен микросервистік архитектураны пайдалану арқылы 250 мыңнан астам СЕН ұсынылды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Пресс-служба

(Жеңіс д. 11)