Жарияланған күні: 14.07.2016 17:06
Өзгертілген күні: 14.07.2016 17:09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін оңтайландыруға көмектесуде

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі-Комитет) брифинг өтті, брифинг барысында Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Нұрлан Рахымғалиев мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландырылуы туралы ақпараттандырды.

Спикер өз сөзінде мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушілермен кері байланыс маңызды екенін айтты. Комитет әрдайым қоғамның тілегіне назар аударады. Сол мақсатта түсіндірмелі дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілуде, оның барысында ұсыныстар мен тілектер қабылдануда.

Салық төлеушілер өз тілектерін Комитеттің web – сайтына, Whatsapp мобилді қосымшаға, әлеуметтік желілерге немесе төрағаның блогына жолдай алады.

Ұсыныстарды талдау және бизнес-процесстерді моделдеу нәтижесінде бірден бір көп талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет - дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК) ретінде тіркеу есебіне қою рәсімі өзгеріске ұшырады. Бүгінгі күні дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым жойылды.

Сондай-ақ Нұрлан Рахымғалиевтің айтуынша, ҚҚС төлеуші куәлігін алу рәсімі жеңілдетілген, яғни ҚҚС куәлiгінің нысаны электрондық нысанға көшірілді (ДК куәлігін беруге ұқсас).

Ең танымал және маңызды көрсетілетін қызмет - Берешегі туралы ақпаратты беру уақыты қысқарды. Бұрын мұндай анықтаманы алу үшін операциялық күннің жабылуын, яғни күнтізбелік күн мен ақпараттық жүйедегі мәліметтердің оңдалуын синхронизациялау процедурасын күтуге тура келетін.

«Осы уақытта біз түрлі инстанцияларға қарызы жоқ туралы анықтаманы ұсыну міндетін заңды түрде алып тастадық. Енді, қажет болған жағдайда мемлекеттік орган өзі электрондық сұрау жолдап, Комитеттің ресми сайтынан қарызы туралы ақпаратты ала алатын болады. Бұл осындай анықтама қажет салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарында кабинеттерді аралап жүруін жояды» - деп басқарма басшысы атап өтті.

Комитеттің басқа жаңашылдығы – кіші бизнеске шұғыл-көмек. Жоба сервисі әзірге тек Комитеттің ресми порталында іске асырылған.

Порталға келушілерге «шұғыл-көмек» модуліне онлайн-тест өткізу ұсынылады. Нәтижесінде келуші мерзімі көрсетілген нақты іс-әрекет алгоритмін алады. Мәселен,  табыс ету мерзімі және кезеңділігі көрсетілген табыс етуге тиісті салық есептілігі нысандарының тізбесін ала алады.

Одан әрі Рахымғалиев «Эксаумақтық ұстанымда қызмет көрсету» пилоттық жобасы туралы БАҚ-ты ақпараттандырды. Жобаның мәні салық төлеушіге Қазақстан Республикасының кез-келген жерінен кез-келген қызметті алуға қолжетімді болады. Жақын арада Алматы қаласының тұрғынына басқа қалада сапар кезінде жергілікті мемлекеттік кірістер органдарында кез-келген қызметті алуға мүмкіндігі болады. Мұндай жоба 2016 жылғы 1 сәуірден бастап республиканың үш аймағында: Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық есебінде іске асырылып жатыр. Бүгінгі күні осы ұстаным бойынша – 120 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Кеден бағыты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде Комитеттің өкілі уәкiлетті экономикалық операторлар (бұдан әрі-УЭО) үшін арнайы және қосымша арнайы жеңілдіктердің енгізілгенін атап өтті.

Мысалы: УЭО тауарларын уақытша сақтау қоймасына орналастырмай өзінің ғимаратында, ашық алаңында және өзге аумақта уақытша сақтай алуына құқық берілген.

Спикер осындай жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендететінін және бизнес жағдайын жақсартатынын біледі.

Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 53 түрін көрсетеді, оның ішінде 32 салықтық және 20 кедендік бағыттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және 1 қызмет экономикалық тергеу қызметімен көрсетілетінін еске саламыз. 24 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы баламалы түрде көрсетіледі. 53 қызметтің ішінде электрондық түрде 64% көрсетіледі.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы – 9,4 млн. қызмет көрсетілді, 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 8,6 млн. яғни 8,9%-ке өсу байқалады.

оның ішінде:

электрондық түрде – 7,9 млн. немесе 84,0 %,

қағаз жеткізгіште – 1,5 млн. немесе 16 %,

Мемлекеттік корпорация арқылы – 19 132.

 

Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.