Жарияланған күні: 01.06.2018 13:23
Өзгертілген күні: 01.06.2018 13:25

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

Салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне тұру туралы өтінішті салық органдарына тапсырудан босатылды

 

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша заңды және жеке тұлғалардың салық органдарына тіркеу есебіне тұру міндеттемесі алынып тасталды.

Қазіргі уақытта «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінен алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне тұру туралы өтінішті салық органдарына тапсырудан босатылған.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)