Жарияланған күні: 18.06.2019 10:49
Өзгертілген күні: 18.06.2019 10:50

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған комитет депутаттары Нұр-Сұлтан қаласындағы кедендік ресімдеу орталығында болып, электронды декларациялау жұмысымен танысты.

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шаралар ретінде «Астана-1», «Тауарларды таңбалау», «Электрондық шот-фактуралар», «Виртуалды қойма», «Қатерлерді басқару жүйесі» ақпараттық жүйелері алғаш рет енгізілген болатын.

Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың айтуынша, бұл жүйелерді енгізудің бірқатар артықшылықтары бар, оның ішінде алдын ала ақпарат берілген сәттен бастап, транзитті ресімдеу және тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтай тұрудан шығарылғанан кейінгі бақылауға дейін кеден үдерістерін автоматты түрде бақылау мүмкіндігі болып отыр.

«Кедендік бақылаудың барлық үдерістері (Жедел басқару орталығы, Көлік автоматтандырылған ақпарат жүйесі, Дерекнама, Web-декларант, Брокерлік жүйе, Қатерлерді басқару жүйесі) бестен аса бағдарламаны алмастыра отырып, бір ақпараттық жүйеге шоғырланған. Мұндай жүйе таяу және алыстағы 95 шет елдерде жұмыс істеуде, Doing Business рейтингінде оң бағаға ие әрі ДКҰ және ДСҰ ережелері мен стандарттарына сәйкес келеді»,- Р. Еңсебаев атап өтті.

Сапар барысында «Астана-1» жүйесін іс жүзінде қолдану, Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк қозғалысы бойынша статистикалық деректердің алшақтығы, бірыңғай терезе құру арқылы кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру мәселелері депутаттардың басты назарында болды.

Жалпы, кедендік рәсімдеуді жетілдіру бойынша атқарылған шаралар арқылы Қазақстан Республикасы Doing Business`19 рейтингісінде 21 сатыға көтеріліп, 109-орынға ие болды.

 

ҚР Қаржы Министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі