Жарияланған күні: 23.12.2021 18:43
Өзгертілген күні: 23.12.2021 19:10

Бүгінде шекарада кептеліс пен күту тасымалдаушыларда шекарадағы жағдай туралы, оның ішінде өткізу пункттерінің жүктемелігі туралы ақпараттың болмауына байланысты орын алуда. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Мұндай жағдай әлемнің көптеген елдерінде орын алады және мұндай фактілерді болдырмау үшін кейбір елдер өз шекараларында электронды кезек енгізеді.

Бүгінгі таңда Беларусь Республикасы мен Грузияда оң тәжірибе бар, оларда мұндай кезек брондау жүйесі бұрыннан енгізілген.

Жүйе тасымалдаушыларға олардың сапарларын алдын-ала жоспарлауға, дұрыс бағытты құруға және көлік құралдарының трафигі аз өткізу пункттерін таңдауға мүмкіндік береді.

Цифрландырудың осындай әдістерін енгізу тауар айналымын және транзиттік әлеуетті дамытуға оң әсерін тигізеді, сондай-ақ тұтастай алғанда жайлы бизнес-ортаны құрады.

Электронды кезек шекарада машиналарды күтуді толығымен болдырмауды қарастырмайтынын айта кету керек. Техникалық процестер мен шекара режимін ескере отырып, аз күтулер болады. Жүйе негізінен тасымалдаушылардың уақытын үнемдеуге және шекарадан өту кезінде ыңғайлылыққа бағытталған.

Қазіргі уақытта электронды брондау жүйесі Өзбекстанмен шекарадағы «Б. Қонысбаев» өткізу пунктінде кезек пилоттық режимде іске қосылды.

Жүргізушілерге электрондық кезек жүйесінің сайтында www.e-border.kz тіркелу арқылы кезекті брондау бойынша сервис ұсынылады.

Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген сайтта тіркелгеннен кейін жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші электрондық поштаға алдын ала хат және өз кезегі туралы СМС-хабарлама алады.

Болашақта барлық өткізу пункттеріне электрондық кезекті масштабтау жоспарлануда.