Жарияланған күні: 14.06.2017 17:40
Өзгертілген күні: 14.06.2017 17:47

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Шет ел  валютасын  заңсыз  алып  шығу  экономикалық  контрабанданың бір түрі»

    Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментімен  «Әуежай-Атырау» кедендік  бекетінде №484 «Атырау-Анталия» халықаралық рейсін кедендік  рәсімдеу кезінде Қазақстан Республикасы аймағынан шет елдік 103 300  АҚШ долларын  заңсыз алып өтпек  болған  азамат «А»  анықталды.

     Аталған қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-ның 234-бабының  2-бөлімі  4- тармағы  негізде  «Экономикалық контрабанда» дерегі  бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Бүгінгі күні Департаменттің ЭТҚ сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.

      Қылмыстық Кодекстің  аталған  бабының  санкциясы   бойынша   - мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру  жазасы  көзделген.

       Өзге   ақпарат  тергеу  мүддесі  үшін  жарияланбайды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)