Жарияланған күні: 21.07.2016 18:18
Өзгертілген күні: 21.07.2016 18:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Шикізат тауарларына нарықтық бағаны анықтау жөніндегі әдістемелерді әзірлеу мәселелері

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі – Комитет) трансферттік баға белгілеу мәселелеріне арналған брифинг өтті. Спикер болып Комитеттің Мамандандырылған басқармасы басшысының орынбасары Қанат Доспанов сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Қазақстан халқына «Қазақстанның әлемнің 50 дамыған елдері қатарына 2015 жылға дейін кіру стратегиясы»    Жолдауында салық комитетінде ірі салық төлеушілердің түсімдерін тексеру үшін арнайы бөлім құруды тапсырған болатын.

Бүгін Комитеттің Мамандандырылған басқармасы арнайы бөлімнің құқықтық мирасқоры болып табылады және ірі салық төлеушілерді әкімшілендіруді жүзеге асырады.  

Қанат Доспанов өз сөзін Қазақстан Республикасының «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңын түсіндіруден бастады, яғни бұл Комитет тұлғасында мемлекеттің ҚР салық төлеушілері мен шетел компаниялары арасындағы әділетті бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу-сату бойынша жүзеге асырылатын мәмілелерді бақылау.

Қазіргі уақытта Қазақстанда баға белгілеудің арнаулы тәртібін көздейтін төрт баға белгілеу әдістемесі бекітілді. Атап айтқанда, металл, концентрат, табиғи газ және мақта талшығы бойынша әдістеме болып табылады.

Сондай-ақ, спикер экспортталатын мұнай мен газ конденсатына баға қалыптастыру әдістемесі аяқталу сатысында екенін атап өтті. Әдістеменің ерекшілігі оны әзірлеу кезінде мемлекеттік органдармен қатар, мұнай газ секторының, халықаралық баға агенттігі, сондай-ақ ірі халықаралық трейдерлер өкілдері қатысты.

Бұдан басқа, Қанат Доспанов Әдістеменің нақты және айқын алгоритмінің арқасында Қазақстанда алғаш рет трансферттік баға белгілеу кезінде процестің автоматтандырылуын бақылау көрінісін топтау пайда болады.

Бұл ретте бақылауды қашықтықтан салық төлеушілердің қызметіне араласпай жүргізетін болады. Процесті бақылауды автоматтандыру Комитет тарапынан трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша құжаттық тексеруді азайтуға әкеледі.

Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне

pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.