Жарияланған күні: 01.03.2022 10:31
Өзгертілген күні: 01.03.2022 10:19

Сигареттер мен папиростар бөлшек саудасының ең төмен бағалары енді Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2021 жылғы 24 қарашада «Темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына түзетулер енгізіліп, енді фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу жөніндегі құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінен уәкілетті орган деңгейіне, яғни Қаржы министрлігіне берілді.

Осыған байланысты, Заңға сәйкес келтіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 22.02.2022 жылғы бұйрығымен фильтрлі, фильтрсіз 20 сигаретке, папиростарға бөлшек сауданың ең төменгі бағалары бекітілген:                                                                                                

- 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін қоса алғандағы кезеңде бес жүз елу теңге;    

- 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғандағы кезеңде бес жүз жетпіс теңге;​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алты жүз теңге.               

Темекі өнімдеріне қатысты мөлшерленген салық және баға саясатын жүзеге асыру денсаулық сақтау саласындағы темекі шегудің таралуы мен пайдаланылуын қысқартуға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.