Жарияланған күні: 18.08.2022 11:01
Өзгертілген күні: 18.08.2022 11:03

Талғат Қозбеков 1976 жылы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында дүниеге келген.

Т.Қозбеков Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист- маркетолог» және Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің Салық аудиті бөлімінде салық инспекторы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

2022 жылдың наурыз айынан бастап Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 16.08.2022 жылғы бұйрығымен Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.