Жарияланған күні: 11.12.2019 18:31
Өзгертілген күні: 12.12.2019 09:33

Жаһандық сауда әлемі жеткізу тізбегіне тартылған барлық тараптардың алдында жаңа міндеттер қоя отырып, тез және жылдам өзгеріп отырады. Мұнда жаһандану және ақпараттық технологиялар негізгі болып табылады.

Мемлекет тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жүргізіліп жатқан Қазақстандағы кеден жүйесін жетілдіру жөніндегі реформалар кеден қызметтерінің жұмысын автоматтандыру процестерімен және жаңа технологияларды енгізумен бірге жүреді.

Қазақстандық кеден әкімшілігі тосқауыл емес, елдегі кәсіпкерлікті қолдау мен қолдаудың интегралдық тетігі болуы одан әрі жетілдіру мен жаңғыртудың қажеттілігін негіздейді.

Қазақстан экономикасының қарқынды дамуын болжай отырып, Қазақстан Республикасында электрондық декларациялау технологияларын енгізудің негізін қалаушы қағидаттарын құру жөніндегі алғашқы қадамдар 2015 жылы Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» 38-қадамы аясында жасалды.

Бұдан әрі, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің аясында кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден органдары мен тұлғалардың кедендік операцияларды жасауы үшін құқықтық негіз құрылды.

Алдын-ала ақпарат берілген сәттен бастап барлық кедендік процестерді автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану, транзитті ресімдеу, тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтау, тауарларды шығарғаннан кейін бақылауға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесімен қамтылған.

Барлық осы операцияларды кеден қызметкерінің қатысуынсыз жасау, декларанттың физикалық қатысуы және құжаттарды ұсыну қажеттілігін болдырмау Қазақстанда электрондық кедендік декларациялаудың 100% іске асырылғанын растайды.

Электрондық декларациялауға көшу белсенді сыртқы сауданы жүргізетін кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жалпы кеден органдары қызметінің тиімділігін арттырды.

Кеден органдарының қызметкерлері аз уақыт ішінде көптеген ақпаратты өңдеу мүмкіндігіне ие болды, бұл тауарларды шығару уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.

Декларацияны жасыл дәлізде шығару уақыты 1 минутты құрайды, ал декларацияны қызыл және сары дәліздерде шығару уақыты құжаттарды тексеру, сараптама және жете тексерудің тағайындалуына байланысты ұзартылады. Бұл ретте барлық рәсімдер процестің барлық тараптары үшін ашық.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлатуды экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесі есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жүйе БҰҰ №33-34 ұсынымдарына және сауда процестерін жеңілдету жөніндегі Келісімнің ережелеріне және басқа да құжаттарға сәйкес инновациялық тұжырымдамаға негізделген.

«Бірыңғай терезе» порталы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға бірыңғай кіру нүктесі арқылы стандартталған түрде экспорттық-импорттық операцияларды жасау үшін қажетті құжаттарды ұсынуға мүмкіндік береді.

Кедендік операцияларға қатысты көптеген қызметтер мен функциялар бұрын бытыраңқы жүйелер арқылы алынған. Іс қажетті деректер базаларымен интеграцияның болмауымен де күрделенді.

13-тен астам ақпараттық ресурстарды біріктіре отырып, оның ішінде «АСТАНА-1» АЖ, «Е-Лицензиялау» МДҚ, кедендік операцияларды жасау үшін мәліметтері қажет әртүрлі тізілімдер мен басқа да жүйелерді «Бірыңғай терезе» порталы СЭҚ қатысушыларына қандай да бір құжаттар мен рұқсаттарды жинау үшін әртүрлі инстанциялар бойынша жүрудің қажеті жоқ болатындай жағдайларды жасайды.

 «Бірыңғай терезе» порталы арқылы СЭҚ қатысушылары 10-нан астам мемлекеттік органдардан қызмет ала алады. Құжаттарды Бірыңғай терезе арқылы мемлекеттік органдар да, сондай-ақ аккредиттелген ұйымдар да береді. Мысалы, сәйкестік сертификаттарын Бір терезеде өз қызметін жүзеге асыратын аккредиттелген зертханалар беретін болады.

Сонымен қатар, «Бірыңғай терезеде» кеден ісі саласында қызмет көрсету қарастырылған.

Көріп отырғанымыздай, «Бірыңғай терезені» енгізу кедендік рәсімдерді өткізу процестерін жеңілдету мен жеделдету үшін жағдай жасайды, СЭҚ қатысушыларының уақытша және құндық шығындарын қысқартады.

Шешімдер қабылдау кезінде адам факторын болдырмаудың арқасында сыбайлас жемқорлық көріністері азайтылып, кеден және басқа да мемлекеттік органдар іс-әрекетінің ашықтығы артады. Бұл өз кезегінде экономикалық көрсеткіштердің өсуіне және еліміздің әлемдік және өңірлік ауқымдағы бәсекеге қабілеттілігінің артуына жағымды әсер етеді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік кірістер органдарының қызметі саудаға заңды ықпал ету құралы болу үшін барлық рәсімдерді жеделдетуге бағытталғанын атап айтуға болады.