Жарияланған күні: 25.08.2018 10:51
Өзгертілген күні: 25.08.2018 15:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Тауарларды таңбалау мәселелері бойынша Заң жобасының көпшілік талқылауына шақырамыз

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарларды таңбалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдамасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарларды таңбалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру шегінде тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу бойынша жүргізілген талдау нәтижелеріне көпшілік талқылауы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Көпшілік талқылауы бойынша кеңес Астана қ., Қонаев к-сі 8, А3 «Изумрудный квартал» Б блогында, 2018 жылғы 27 тамызда сағат
11:00-да
болады.

Қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысуға шақырылады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)