Жарияланған күні: 29.12.2020 14:32
Өзгертілген күні: 29.12.2020 14:33

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №1104 бұйрығымен көзделген ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылуына байланысты мынаны хабарлайды.
2020 жылғы 31 желтоқсанға келетін "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесін (ЭШФ АЖ) өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеуді 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін ТІЖ бойынша функционалы бар тесттік ортада жүзеге асыру қажет.

Анықтамалық:
1) WEB қосымшасы үшін:
https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443/esf-web/
2) API қызметтері үшін:
https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443/esf-web/ws/api1

Алкоголь өніміне , мұнай өнімдеріне және темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін СОНО АЖ салық төлеушілер кабинетінің өнімді ортасында жүзеге асырылады.
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы жазып берілетін тауарлар тізбесі бойынша ЭШФ жазып беру (ҚР ҚМ 2019 жылғы 23 сәуірдегі №384 бұйрығы) 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін ЭШФ АЖ порталындағы өнімді ортадағы "виртуалды қоймадан" тауарды таңдау арқылы немесе тесттік ортадағы ТІЖ-ға байланыстырмай API-сервистер арқылы жүзеге асырылады.
Қалған тауарлар бойынша ЭШФ жазып беру нәтижелі ортада ЭШФ АЖ порталында немесе "Виртуалды қойма" модулін қолданбай API-сервистер арқылы тесттік ортада көрсетілген ТІЖ бойынша деректер немесе З-2 нысанындағы деректер негізінде жүзеге асырылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда:
1) Техникалық мәселелер бойынша - ЭШФ АЖ қолдау қызметіне esfsd@mgd.kz;
2) қалған мәселелер бойынша – 1414 қысқа нөміріне ҚР ҚМ МКК-ға қайта бағыттаумен хабарласу қажет.