Жарияланған күні: 13.04.2018 17:19
Өзгертілген күні: 13.04.2018 17:20

Кұрметті салық төлеушілер!

 

2018 жылдың 1 сәуірінен «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі  тәжірибелі түрде жұмыс жасайды.

Төмендетілген кедендік әкелу баждары мөлшерлемесі және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемесі (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) бойынша 2018 жылдың 12 сәуірінен үшінші елдердің аумағынан әкелінген  және кедендік тазартудан өткен көлік құралдары бойынша мәліметтері «Виртуалды қойма» модуліне жедел түрде түседі.

Сонымен қатар, 2018 жылдың сәуір айының 1 мен 11 аралығында кедендік тазартудан өткен көлік құралдары бойынша мәлімет «Қалдық» нысанына енгізілетіндігін хабарлаймыз.

Осы жағдайға орай, егер де «Виртуалды қойма» модуліне 2018 жылдың сәуір айының 1 мен 11 аралығында тауарлық декларациялар бойынша кедендік тазартудан өткен көлік құралдарының мәліметі жедел түрде түсіп, осындай тауарлық декларациялар бойынша көлік құралдары сатылған жағдайда, «Виртуалды қойма» модулінде бұндай мәліметтердің қайталану жағдайын болдырмау мақсатында «Есептен шығару» нысаны бойынша тауарларды есептен шығару кезінде, оған  «Басқада» себебін таңдай отырып, «сатылған көлік құралдары ХХХХХ/ХХХХХХ/ХХХХХХХ тауарлар декларациясымен рәсімделген» деген пікір жазу қажет.