Жарияланған күні: 12.04.2024 18:35
Өзгертілген күні: 12.04.2024 18:41

Құрметті ҚР ҚМ МКК АЖ пайдаланушылары!

   

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2024 жылғы 12 сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 21:00-ден 2024 жылғы 13 сәуірде сағат 01:00-ге дейін «Транстелеком» АҚ Деректер орталығында Интернет желісінде және МО БКО-да техникалық жұмыстар жүргізілетінін сіздің назарыңызға жеткізеді.

Осыған байланысты, көрсетілген уақытта «Бірыңғай деректер қоймасы» АЖ, «Тәуекелдерді басқару жүйесі» АЖ, «Кеден» АЖ, «Кеден органдарының шлюзі» АЖ, «Esalyq Business», «Салықтықты әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі» және «Интеграцияланған деректер базасы» АЖ қысқа мерзімді қолжетімсіздігі мүмкін.

 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.