Жарияланған күні: 14.04.2020 13:00
Өзгертілген күні: 14.04.2020 13:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ҮШ ҚҰРАМДАСТЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЖҮЙЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ӨЗГЕРДІ

 

2020 ж. 14 сәуір                                                                              Нұр-Сұлтан қ.

 

Бизнес қауымдастығының ұсыныстары ескеріле отырып, үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға, өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті. Ағымдағы жылдың 31 наурызындағы өзгертулер ҮИЖ-ге қойылатын техникалық талаптарды ретке келтірді (2019 ж. 2 қыркүйектегі №953 бұйрық).

 

ҮИЖ-ге қойылатын талаптардың бірі -  салық есептілігі модулінің болуы. Бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы көрсетіліп, сенымен қатар, салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша есептілікті құру мүмкіндігі болу керек. ҮИЖ дара кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындау мен есеп жүргізуді жеңілдетуге тиіс.

ҮИЖ әзірлеушілері мен өндірушілері ҮИЖ Біріңғай тізіліміне жаңа модельдерді тіркеу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш тапсыра алады.

 

Жеңілдетілген декларация мен ҮИЖ қолданатын салық төлеушілер бірқатар артықшылықтарға ие.

1. Жеңілдетілген декларацияны қолдану кезіндегі салық кезеңі үшін болатын шекті кіріс, яғни жартыжылдықта 66,8 млн. теңгеден 261,4 млн. теңгеге дейін өсті.

2. Қосылған құн салығының шегі 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін, яғни 83,3 млн. теңгеден 400,5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алайда, бұл өсім тек қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылатын айналымға, яғни банк карталары арқылы клиенттермен есеп айырысуға қатысты болады.

Еске сала кетейік, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы), сонымен қатар сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған құрылғыдан немесе осы үш құрамдас бөлікті алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешен.

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйелерге қатысты барлық сұрақтар бойынша 87077773335 телефонына  хабарласыңы: немесе p.agmanova@kgd.gov.kz электрондық мекен-жайына жазыңыз.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі