Жарияланған күні: 10.09.2018 12:14
Өзгертілген күні: 10.09.2018 12:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Ұзақбай Әміров. Оның жарқын бейнесі мәңгі өшпес

«Адамды еңбек көркейтеді» дегендей, сүйікті іспен шұғылданып, оған өміріміздің үштен бір бөлігін, кейде одан да көп уақытымызды бөлетініміз рас.

Үш жыл бұрын қайғыға батырып арамыздан кеткен Әміров Ұзақбай Әзілханұлы да сүйген ісіне отыз жылдан астан өмірін арнаған. 10 қыркүйекте жепіске толар еді... Қадірлі азаматтың мерейтойына жетпегені өкінішті-ақ.  

Қаржы саласының нақты маманы, білгірі болу үшін іргелі білім иесі болған аз - өмір бойы білімін арттыру, кемелдену қажет. Әріптесіміз осы қағиданы үнемі ұстанатын ұдайы ізденістегі, алғыр ойлы адам еді. Алматы қаласындағы халық шаруашылығы институтын 1970 жылы «Еңбек экономикасы» мамандығы бойынша бітіріп, байырғы дәстүр бойынша, үйіне, ата қонысы – Қызылордаға оралып, кеме жөндейтін кәсіпорынға жұмысқа орналасады. Кейіннен өзі мойындағандай, осы кез оған таңдаған кәсібінің жаңа қырларын ашқан, еңбектің баға жетпес тағылымын сыйлаған уақыт болған.

1979 жылы ол қаржы саласына ауысып, алғы қадамын ҚазКСР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс басқармасы аға инспекторы лауазымынан бастайды. Отыз жылдан астам уақыт Әміров Ұзақбай Әзілханұлы салық салу саласында қызмет етіп, инспектордан басшы лауазымға дейін еңбек жолын өтеді. 

Әріптестері арасында Ұзақбай Әзілханұлы ерекше құрметке бөленген болатын. Жылдар бойы үзеңгілес болған жолдастары оны жеке тұлғалардың кірісіне салық салу аясындағы бірден бір білікті маман ретінде дәріптейтін. Жоғары кәсіпқойлығы және ерең еңбегі үшін Ұзақбай Әзілханұлы бірнеше рет Қазақстан Республикасының наградаларымен марапатталған. Мемлекеттік кірістер мүдделерін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін оған «Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» атақтары берілген, Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің атаулы сыйлығының иегері болып, бір қатар мерейтойлық медальдермен марапатталған.

Әміров Ұзақбай Әзілханұлы соғыстан кейінгі еліміз үшін қиын-қыстау кезеңінде, 1948 жылы туған. Сол жылдары туған барлық балаларға тән керемет төзімділігімен, ақылға қонымды байсалдылығымен ерекшеленетін.  Ұзақбай ата-анасының сүйікті жалғыз ұлы болатын. Еркелікке салынып, туған-туыстарының әлпештеуімен өмір сүруіне болар еді, алайда, жастан ойы  көкке самғаған болатын. Арман құып, үлкен қалаға жол салды. Дегеніне жетті – мамандықты игеріп, жоғары дәрежелі кәсіпқой атанды, отбасын құрды. Жұбайы Салимамен бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Қыздарының кішісі Мейрамгүл әке жолын құып, салық саласы мамандығын таңдады, әкесінің өмірлік ісін жалғастырды.

Туыстары оны: «Ұқыпты отағасы, қамқор әке болған», - деп есіне алады. Балаларына басты құндылықтарды үйретіп, бойларына сіңдіруді мақсат көрген, өмірсүйгіштікке, қамқорлыққа баулыған. 

Тағдыры табысты болған деуге болады. Дегенмен, жетістіктерінің зор бөлігіне  еңбекқорлығы мен жауапкершілігі арқасында қол жеткізген еді. Экономикалық терминдердің бұлыңғырлығынан да, биржалық құлдыраудың дауылынан да, бұқпаланған құнсыздану мұзтауынан да сескенбей өтетін. Ұзақбай Әзілханұлы әдетінде адамдарды қал-қаражатына қарай бөлу жоқ еді: барлық жұртқа бірдей құрметпен қарап, жетістіктеріне қуанып, қол ұшын беруге даяр туратын. Адам баласын үш қарапайым нәрсе -  үлкендерге көрсеткен құрмет, кішілерге деген қамқорлық, шынайы достық пен қарым-қатынастағы кішіпейілділік сипаттайды деп бекер айтылмаған. Ұзақбай Әзілханұлы да сол сирек кездесетін, жұмыс кестесі мен өмір ағымының күрделілігіне қарамастан әрдайым көмекке келуге әзір адамдар табынан. Қашан да болса орынды кеңесімен, жылы сөзімен, көмегімен көңілді жұбата білетін.

Ұзақбай Әзілханұлын соңғы жолына шығарып салғаннан бері, міне, үш жыл өтіпті.  Бірақ әріптестері, дос-жоралары, туыстары оның жарқын бейнесін жүректерінде сақтауда. Адамның санасы – бірегей қасиет, өмір жолында көрген жанына жылу, жақын,кездестірген жарқын жүзді адамдар мен сәттерді  сақтап қалады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)