Жарияланған күні: 01.11.2022 21:01
Өзгертілген күні: 01.11.2022 21:08

      

2022 жылғы 26 - 28 қазан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Жеке тұлғалар кірісін әкімшілендіру  және жалпыға бірдей декларациялау басқармасымен бірлесіп «Жалпыға бірдей декларациялау, енгізу кезеңдерінің ерекшеліктері» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу – көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

27 қазан күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom ВКС арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ҚР ҚМ МКК ОӘО Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінің бас маманы Айгелов Асылхан Толеубаевич модератор жұмысын атқарды. Дәріскер ретінде:

Хасенова Гульден Сейтахметовна – ҚР ҚМ МКК Жеке тұлғалар кірісін әкімшілендіру  және жалпыға бірдей декларациялау басқармасының бас сарапшысы.

Семинарға қатысушылар жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациямен (270.00-нысан), жеке тұлғаның кіріс түрлерімен, алынған кірістер мен кірістерді түзету сомаларын есептеумен танысты.

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 99 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.