Жарияланған күні: 16.06.2016 16:52
Өзгертілген күні: 16.06.2016 16:53

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Жалпыға бірдей декларациялаудың әдістемелік аспектілері

Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылауды жүзеге асыру мақсатында барлық жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау енгізілуде.

Халықаралық практикада тұрғындардың нақты табыстарын салықтық бақылау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл құралы ретінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау әлемнің көптеген елдерінде қолданылады, мәселен, АҚШ, Канада, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Дания, Аустралия, Чехия, Италия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Швейцария, Чили, Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Мажарстан, Польша, Португалия, Испания, Эстония, Норвегия, Нидерланды, Словения және т.б.

2015 жылғы 18 қарашада Мемлекет Басшысымен Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы - Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын орындау үшін әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойылды.

Мәселен, Заңмен кірістер мен мүлікті декларациялау жүйесіне кезең-кезеңмен ену көзделеді:

бірінші кезеңде 2017 жылы - жеке тұлғалардың неғұрлым дайындығы бар санаты ретінде мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналы мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметшілері декларацияны ұсынады.

екінші кезеңде 2020 жылдан бастап барлық қалған жеке тұлғалардың декларацияны ұсынуы қажет етіледі.

Декларацияны Қазақстанның барлық кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, оларға тіркелген мүлік болған кезде кәмелетке толмаған тұлғалар (декларацияны тапсыру бойынша міндет кәмелетке толмаған тұлғалардың заңды өкілдеріне жүктелетін болады), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мүлігі болған немесе Қазақстан Республикасынан салық салынбаған табысы болған кезде шетелдіктер тапсыратын болады.

Сондай-ақ Заңмен салық шегерімдерін кеңейту қарастырылған. Осылайша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, міндетті зейнетақы төлемдері, ең төменгі айлық есептік көрсеткіш, ерікті зейнетақы төлемдері, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге жұмсалған шығыстары, тұрғын-үй құрылыс жинақ банкісінен алған қарыздар бойынша сыйақыларды төлеуге бағытталған сомалары, медициналық қызметтерге жұмсалған шығындарды төлеуге бағытталған шығыстарды төлеу түріндегі қолданыстағы салық шегерімдерінен бөлек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ерікті медициналық сақтандыру, көп балалы отбасылар үшін, білім алуға жұмсалған шығыстары бойынша, ҚР-ның кез-келген банкісінен алынған ипотекалық тұрғын-үй қарыздары бойынша сыйақыларды төлеуге салық шегерімдері қолданылатын болады.

Бұл ретте Заңмен жұмыс берушімен төлем көзінде қолданылмаған салық шегерімдері болып, жеке тұлға декларацияны тапсыру барысында дербес қолдануы нәтижесінде пайда болған жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару қарастырылған.

Тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген салықтық бақылау мақсатында сонымен қатар, үшінші тұлғалардан алынған мәліметтер қолданылады.

Бұл ретте, жеке тұлғаның жариялаған табыстары шын мәніндегі табыстарына сәйкес келмеген жағдайда, жанама әдіспен анықталған табыстан жеке табыс салығын есептеу бойынша норма қарастырылған.

Заңмен қарастырылған шаралардың іске асырылуы салық салудан жалтаруды анықтау және көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында толыққанды бақылауды жүзеге асыруға ықпал ететін болады. 

Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық

пошта арқылы хабарласуға болады.