Жарияланған күні: 23.09.2020 21:29
Өзгертілген күні: 23.09.2020 21:30

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтінішіне қатысты

Мемлекеттік кірістер комитеті мессенджерлерде Комитеттің қызметіне шағымданған Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші түрінде PDF форматындағы құжаттың таралуына байланысты келесіні хабарлайды. Бүгін таңертең бұқаралық ақпарат құралдарында «Атамекен» ҰКП жұртшылықпен байланыс департаменттің бөліміне сілтеме жасалып, ресми теріске шығаруы жарияланды. Кәсіпкерлер бұл хатқа қол қоймаған.

Комитеттің 2020 жылдың 9 айынан аз уақыт ішіндегі оқиғалар қатары біздің қызметіміздің ашықтығын растайды. Атап айтқанда, біз Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы тауарларды өткізу кезінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы  үнемі жарияланып отырады.

Қабылданған салықтық бақылау шараларының нәтижесінде ЕАЭО елдерінен ҚҚС түсімдері 2019 жылдың қорытындысымен 122 млрд. теңгеге көбейіп, өсу қарқыны 122% құрады. Пандемия жағдайында 8 айдың қорытындысы бойынша түсімдер көлемі сол деңгейде қалды. Сондай-ақ, жалған жүк алушылардың мекен-жайы бойынша тауар әкелу фактілерінің саны 97% төмендеді.

   Біздің мақсат - барлық кәсіпкерлерге, соның ішінде отандық өндірушілерге тең бәсекелестік жағдайларды қалыптастыру.

Сонымен қатар, біз азаматтарды лауазымды адамдардың этикаға жат мінез-құлқына немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына байланысты әрекеттердің белгілі фактілері туралы 8 (7172) 71-80-05 (сенім телефоны) немесе 8 (7172) 70-98-22 телефондарына Комитетке хабарлауға шақырамыз.

Әрбір сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, бұзушылыққа жол беру себептері мен шарттары анықталады. Бұл ақпарат алдын-алу жұмыстарында одан әрі пайдаланылады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 43-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін тікелей басшысының тәртіптік жауапкершілігі қарастырылады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі