Жарияланған күні: 25.04.2022 16:32
Өзгертілген күні: 25.04.2022 16:34

ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі бұйрығымен Жаныбек Нұржанов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ұжымға оны Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Әли Алтынбаев таныстырды. 

Нұржанов Жаныбек Мәулітбекұлы еңбек жолын 1989 жылдан бастап,  Өскемен қаласы бойынша Салық инспекциясының жеке кәсіпкерлік қызметтерге салық салу бөлімінің салық инспекторы, аға, жетекші салық инспекторы, Мемлекеттік кірістер министрлігі Өндірістік емес төлемдер департаментінің бас маманы, Астана қаласының Алматы ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының  орынбасары, Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қостанай қаласы бойынша Салық басқармасының басшысы, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

2019 жылғы маусымнан бастап -  Салық әдіснамасы департаментінің директоры, 2020 жылғы  мамырдан бастап – ҚР ҚМ Мемлекетік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаментінің директоры.

2021 жылғы қаңтардан бастап Павлодар облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 23 жыл.