Жарияланған күні: 20.11.2018 12:01
Өзгертілген күні: 20.11.2018 12:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормасы туралы

 

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормасы 500 еуроны және 25 килограмды құрайтын болады.

Жаңа нормалар  жеке пайдалануға арналған тауарларды иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда автомобиль, теміржол, теңіз көлігімен, оның ішінде «Қорғас» ШЫХО арқылы әкелген кезде қолданылады.

Белгіленген нормалар асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 30 пайыздық,  салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)