Жарияланған күні: 18.01.2024 16:14
Өзгертілген күні: 18.01.2024 16:25

        

«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы  27 ақпандағы №306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрінің бұйрығы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрдің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрыққа «Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме беру» және «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен шығару бөлігінде сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

Сондай-ақ енгізілетін өзгерістер салық төлеушінің мүлкіне билік етудегі шектеу түрінде салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілін қолдану тәртібі бөлігінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабының ережелері және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және  мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдана отырып, салық берешегін өндіріп алу бөлігінде Салық кодексінің 13 және 14-тарауларының ережелері мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) арасындағы қайшылықты болдырмайды.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №306 бұйрығына сәйкес салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген (азайтылған) сомалардың жүргізілуіне бақылауды бекіту бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, тармақшаларда 12), 13), 14), 15) Қағидалардың 293-тармағында «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес келмейтін және Қағидаларға тиісті өзгерістер енгізу жолымен жоюды талап ететін «конкурстық іс жүргізу» және «оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым» деген сөздерге сілтеме бар.

Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14889654 2024 жылғы 10 қантарда.

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2024 жылғы 24 қантарға дейін.