Жарияланған күні: 09.02.2022 18:44
Өзгертілген күні: 10.02.2022 09:30

 

2022 жылдың 9 ақпанында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жеке тұлғалардың банкроттығынан кейін қандай салдары болатынын айтып берді.

Біріншіден, банкроттықтан кейін азамат 5 жыл бойы қарыздар, несиелер ала алмайды.

Екіншіден, банкроттықтан кейін азамат емделуді, жақын туыстарын емделуге ертіп жүруді немесе жерлеуге баруды қоспағанда, 3 жыл бойы елден тыс жерлерге шыға алмайды.

Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттықты қайта қолдана алады.

Азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары және ары қарай қандай қаражат көздері есебінен өмір сүре алатынын ойлануы қажет.

Жалпы, банкроттықты қолдану жеке тұлғаларға борыштық жүктемесінен құтылуға және белсенді экономикалық қызметін жүргізуді бастауға мүмкіндік береді.