Жарияланған күні: 13.05.2020 15:48
Өзгертілген күні: 13.05.2020 15:49

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

13 мамыр 2020ж.                                                                                        Нұр-Сұлтан қ.

 

Жіберілген чек үшін ұялы телефон балансын толтыруға болады

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын іске қосты. Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.

Акция 2020 жылдың 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі