Жарияланған күні: 01.04.2016 16:37
Өзгертілген күні: 01.04.2016 16:39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жылжымайтын мүлікпен жеке тұлғалардың жасаған мәмiлелерiне салық салу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V Заңында Салық кодексiнің «Жеке табыс салығы» 6-бөлімінің құрылымы өзгертiлген.

Мысалы, жеке тұлғаның кірісіне нақты, оның ішінде мүлiктi өткізу кезіндегі құн өсімінен алған табыс кіреді. Бұл ретте, кірісті салық салудан босатудың жағдайлары Салық кодексiнің 156-бабында қарастырылған.

Осыған орайда мүлiктiк табысқа салық салу тәртібі бойынша нормаларды жеке тұлға Салық кодексiнің 156-бабымен байланыстыра қолдануы керек.

Салық кодексiнің 180-1 және 180-2-баптарының 1-тармағы 1), 2), 7) тармақшаларына енгiзген өзгерiстерге сәйкес «меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт» деген сөздер 01.01.2017 жылдан алып тасталынды.

Бұл ретте, Салық кодексiнің 156-бабымен байланыстыра қолдану керек.

Салық кодексiнің 156-бабының 1-тармағы 51), 52), 53) тармақшаларына сәйкес жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан кірістердің мынадай түрлерi алынып тасталады (бұдан әрi - жеке табыс салығы бойынша түзету):

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

Салық кодексiнің 180-1-бабының 1-тармағы 1), 2), 7) тармақшаларында көрсетілген өткізу кезіндегі құн өсімінен кіріс бұл мүліктің бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болған жағдайда салық салудан босатылады. Бұл ретте мұндай кірістің, оның ішінде салық салудан босатылатын кірістің сомасы 2017 жылғы мінндеттемелер бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілуі тиіс.

 

Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық

пошта арқылы хабарласуға болады.