Жарияланған күні: 15.01.2015 15:51
Өзгертілген күні: 20.07.2015 11:19

587-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi

1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі және оның орындалуы міндетті болып табылмайды.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекелі төмен деңгейдегі бұзушылықтарға қолданылмайды.

2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) мына құжаттардың бірін:

1) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін,

2) осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келетін, анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктемені,

3) осындай хабарламаны жіберу бойынша салық органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсыну камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салықтөлеуші (салықагенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігі нұсынады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтар мен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салықагенті) мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына – анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме;

2) жоғары тұрған салық органына – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.

2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген түсініктеме:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күнін;

2) түсініктемені табысеткен тұлғаның тегін,атын және әкесінің атын (болғанжағдайда) не толықатауын, оның тұрғылықты жерін (орналасқанжерін);

3) салықтөлеушінің (салықагентінің) сәйкестендіру нөмірін;

4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауын;

5) түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын мән-жайлардың;

6) қоса берілетін құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.

Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

4. Осы Кодекстің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанбойынша қорытынды жасайды.

Бұлретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

ТҮСІНІКТЕМЕ

КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ХАБАРЛАМАНЫ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУ ЖОЛЫМЕН ОРЫНДАУ

 

1. Салық кодексінің 587-бабы салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындауының тәртібін анықтайды.

2. Егер, салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, ол қосымша салық есептілігін ұсынуы тиіс. Қосымша салық есептілігін ұсыну тәртібі Салық кодексінің 70-бабында белгіленген. Салық және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша салық есептілігін жасау қағидасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

1-ЖАҒДАЙ

«Асыл» ЖШС аудандық мемлекеттік кірістер басқармасынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алды, онда 2013 жылғы 4 тоқсанда ҚҚС бойынша есепке жатқызу сомасы оның контрагенті«Алуа» ЖШС өткізу бойынша айналым сомасынан 1 млн.теңге сомаға артық екендігі көрсетілген. Өзінің салық есептілігін, сондай-ақ «Алуа» ЖШС-дан алынған шот-фактураларды талдау кезінде «Алуа» ЖШС қызметкерлері шын мәнінде бірнеше шот-фактураны көрсеткендігін анықтады.

ТҰЖЫРЫМ

«Алуа» ЖШСбұл жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде 2013 жылғы 4 тоқсанға ҚҚС бойынша қосымша декларация ұсынуы тиіс. Аталған декларацияда есепке жатқызылған ҚҚС сомасын алып тастау, яғни оны қосымша салық декларациясында азайту (минус) белгісімен (- 1 млн.теңге) көрсетуі қажет. Сондай-ақ есепті салық кезеңінің ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың (мемматқордан тауарларды шығаруға арналған құжаттар) тізілімін толтыруы тиіс.Бұл ретте, аталған жағдайда бұрын қате көрсетілген шот-фактураны алып тастау жүргізіледі. Қате көрсетілген шот-фактураны алып тастау үшін қосымша Тізілімде өзгеріс енгізілетін кезең үшін бұрын ұсынылған Тізілімнің жолының соңғы нөмірінен кейінгі жолдың нөмірі көрсетіледі, В, С, D, E, F, G  бағандарының бұрын көрсетілген деректемелері көрсетіледі, алН, I, J, бағандарында бұрын көрсетілген сома минус белгісімен көрсетіледі. Бұдан әрі жаңа жолмен дұрыс деректемелерімен және сомалары көрсетілген шот-фактура енгізіледі.

Бұл ретте, салық есептілігін өз таңдауы бойынша ұсынуға болады:

1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;

3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде.

Электронды түрде салық төлеушілер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны Салық төлеушінің кабинеті арқылы орындай алады.

 

2-ЖАҒДАЙ

«Қазы» ЖШСаудандық мемлекеттік кірістер басқармасынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алды,онда 2013 жылғы 4 тоқсанда ҚҚС бойынша есепке жатқызу сомасы оның контрагенті«Алуа» ЖШС өткізу бойынша айналым сомасынан     1 млн.теңге сомаға артық екендігі көрсетілген. Өзінің салық есептілігін, сондай-ақ «Алуа» ЖШС-дан алынған шот-фактураларды талдау кезінде «Қазы» ЖШС шын мәнінде аталған контрагент бойынша бірнеше шот-фактураны, бірақ 500 мың теңге сомаға аз көрсеткендігін анықтады.

ТҰЖЫРЫМ

«Қазы» ЖШСбұл жағдайда бұзушылықпен жартылай келісті және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде 2013 жылғы 4 тоқсанға ҚҚС бойынша қосымша декларация ұсынуға міндетті. Аталған декларацияда есепке жатқызылған ҚҚС сомасын алып тастау, яғни оны қосымша салық декларациясында азайту (минус) белгісімен (- 500 мың теңге) көрсетуі қажет. Сондай-ақ есепті салық кезеңінің ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың (мемматқордан тауарларды шығаруға арналған құжаттар) тізілімін толтыруы тиіс. Бұл ретте, аталған жағдайда бұрын қате көрсетілген шот-фактураны алып тастау жүргізіледі. Қате көрсетілген шот-фактураны алып тастау үшін қосымша Тізілімде өзгеріс енгізілетін кезең үшін бұрын ұсынылған Тізілімнің жолының соңғы нөмірінен кейінгі жолдың нөмірі көрсетіледі, В, С, D, E, F, G  бағандарының бұрын көрсетілген деректемелері көрсетіледі, ал Н, I, J, бағандарында бұрын көрсетілген сома минус белгісімен  көрсетіледі. Бұдан әрі жаңа жолмен дұрыс деректемелерімен және сомалары көрсетілген шот-фактура енгізіледі.

Қалған 500 мың теңге сома бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктеме ұсынуы қажет.

Түсініктеме:

1) түсініктемеге қол қойған күнін;

2) «Қазы» ЖШС-ның толық атауын, орналасқан жерін;

3) «Қазы» ЖШС-ныңсәйкестендірунөмірін;

4) хабарламаныжібергенмемлекеттік кірістер органыныңатауын;

5) хабарламадакөрсетілгенбұзушылықтарменкеліспеуіненегізболыптабылатынмән-жайларды;

6) қосаберілетінқұжаттардыңтізбесін (шот-фактуралардың немесе салыстыру актілерінің көшірмелері)қамтуғатиіс.

Егер түсініктемеде растайтын құжаттарға сілтеме көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

 

3-ЖАҒДАЙ

«Алма» ЖШС аудандық мемлекеттік кірістер басқармасынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алды,онда 2013 жылғы 4 тоқсанда ҚҚС бойынша есепке жатқызу сомасы оның контрагенті«Эйр 3» ЖШС өткізу бойынша айналым сомасынан 1 млн.теңге сомаға артық екендігі көрсетілген. Өзінің салық есептілігін, сондай-ақ «Эйр 3» ЖШС-дан алынған шот-фактураларды  талдау кезінде «Алма» ЖШС олар декларацияда көрсеткен сома дұрыс екенін анықтады, бұл ретте аталған сома оларда бар «Эйр 3» ЖШС-дан сатып алынған авиабилеттермен расталады.

ТҰЖЫРЫМ

«Алма» ЖШС бұл жағдайда бұзушылықпен жартылай келісті және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде ҚҚС бойынша қосымша декларация ұсынуы қажет. Аталған декларацияда есепті салық кезеңінің ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың (мемматқордан тауарларды шығаруға арналған құжаттар) тізілімінен «Эйр 3» ЖШС-дан сатып алынған авиабилеттер бойынша олар бұрын көрсеткен соманы алып тастау қажет.

 

КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ХАБАРЛАМАНЫ ТҮСІНІКТЕМЕ ҰСЫНУ ЖОЛЫМЕН ОРЫНДАУ

3. Салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, онда ол түсініктеме ұсынуға құқылы.

4-ЖАҒДАЙ

«Лиман» ЖШС салық басқармасынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алды, онда 2012 жыл үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда 1,5 млн.теңге сомаға өз қызметкерлерінің еңбегін төлеу арналған шығыстар бойынша шегерімге жатқызу көтеріп жазылғаны көрсетілген. Өзінің салық есептілігін талдау кезінде «Лиман» ЖШС-ның қызметкерлері олар декларацияда көрсеткен сома дұрыс екенін анықтады, бұл оларда бар бастапқы құжаттармен расталады.

ТҰЖЫРЫМ

«Лиман» ЖШС бұл жағдайда бұзушылықпен келіскен жоқ және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде түсініктеме ұсынуға құқылы. Салық төлеуші түсініктемені еркін нысанда ұсынады, бірақ онда міндетті түрде:

1) түсініктемеге қол қойған күнін;

2) «Лиман» ЖШС-ның толық атауын, орналасқан жерін;

3) «Лиман» ЖШС-ның сәйкестендіру нөмірін;

4) хабарламаны жіберген мемлекеттік кірістер органының атауын;

5) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын мән-жайларды;

6) қоса берілетін құжаттардың тізбесінкөрсету қажет.

 

5-ЖАҒДАЙ

«Жағалау» ЖШС камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алды, онда аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы «Жағалау»ЖШС 2013 жылғы 2 тоқсанға Бейрезидент табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есепте (101.04-нысан)1,5 млн.теңге сомаға жеке тұлғалар – бейрезиденттердіңтабыстарынан жеке табыс салығынан заңсыз босатуды қолданғанын көрсетеді.«Жағалау» ЖШСбұзушылықтармен келісетіні, бірақ хабарламаны осы ЖШС бухгалтері жұмысқа шыққан соң орындайтындығы туралы хат берді.

ТҰЖЫРЫМ

Аталған жағдайда «Жағалау» ЖШС жолдаған хабарлама орындалмаған болып саналады, өйткенісалық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, мұндай салық төлеуші хабарламаны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде хабарламада көрсетілген кезеңге қосымша есептеу ұсынуға міндетті.

 

6-ЖАҒДАЙ

«Басшы» ЖШСкамералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алды. «Басшы» ЖШСаудандық мемлекеттік кірістер басқармасына бұл жағдайда бұзушылық контрагентте анықталды деп санайтындықтан бұзушылықтармен келіспейтіндігі туралы хат жолдады. Бұл ретте, «Басшы» ЖШС аталған хатта хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспейтіндігін дәлелдейтін ешқандай мән-жайларды көрсетпеген. Сондай-ақ ЖШС ешқандай құжаттарды да қоса бермеген.

ТҰЖЫРЫМ

Аталған жағдайда Басшы» ЖШС жолдаған хабарлама орындалмаған болып саналады, өйткені ол оның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуі үшін негіздеме болып табылатын мән-жайларды көрсеткен жоқ, сондай-ақ оның дұрыстығын дәлелдейтін ешқандай ешқандай құжаттарды да қоса бермеген.

КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ХАБАРЛАМАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ МҰНДАЙ ХАБАРЛАМАНЫ ЖОЛДАУ БОЙЫНША ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ)  ШАҒЫМ ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН ОРЫНДАУ

4. Егер, салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ол мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының мұндай хабарламаны жолдау бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға шағымдануға құқылы.

5. Салық кодексінің 18-бабына сәйкес мемлекеттік кірістероргандары тікелей тиісті жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына бағынады.Мемлекеттік кірістер органдарынаҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағыаудандарбойыншааумақтықбөлімшелерінен, сондай-ақауданаралықаумақтықбөлімшелері жатады.

6. Бұл ретте, лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым (аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына берілген түсіндірме де) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға жататындығынан басқа мұндай шағымды қараған орган шағымды қарау қорытындысы бойынша өтініш берушіні оның өтінішін қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы міндетті түрде хабардар етеді.

7-ЖАҒДАЙ

«Жания» ЖШС Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алды, онда 2013 жылғы 4 тоқсанда ҚҚС бойынша есепке жатқызу сомасы оның контрагенті«Орта жүз» ЖШС өткізу бойынша айналым сомасынан 3 млн.теңге сомаға артық екендігі көрсетілген. Өзінің салық есептілігін, сондай-ақ «Орта жүз» ЖШС-дан алынған шот-фактураларды  талдау кезінде «Жания»ЖШС қызметкерлері олар декларацияда көрсеткен сома дұрыс екенін анықтады, бұл оларда бар алынған шот-фактуралармен және «Орта жүз» ЖШС-мен салыстыру актісімен расталады.

ТҰЖЫРЫМ

«Жания» ЖШС бұл жағдайда бұзушылықпен келіспейді және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларының мұндай хабарламаны жолдау бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жолдауға құқылы.

Егер, «Жания» ЖШС Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің шешімімен келіспеген жағдайда, ол ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларының мұндай хабарламаны жолдау бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.

 

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындамау себебі бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

 

6. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмағанда, Салық кодексінің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соқтырады.

7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспондеттік шотты қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындау үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

8-ЖАҒДАЙ

«Али» ЖШС аудандық салық басқармасынан 2014 жылғы 3 ақпанда Салық төлеушілер кабинетінің веб-қосымшасына электрондық түрде жолданған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны алды, осы хабарламаны орындау мерзімі 2014 жылғы 18 наурызда өтеді. Салық төлеуші осы хабарламаны 2014 жылғы 26 наурызда орындады.

ТҰЖЫРЫМ

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындау үшін  салық төлеушіге ұсынылған салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспондеттік шотты қоспағанда) бойынша шығыс операциялары 30 жұмыс күні өткеннен кейін бес жұмыс күн өткеннен кейін тоқтатылады.

Осы жағдайда Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындамағаны үшін шығыс операциялары 2014 жылғы 28 наурызда тоқтатылуы тиіс. Салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны 2014 жылғы 26 наурызда орындағанын ескере отырып, салық органы «Али» ЖШС шығыс операцияларын тоқтатытуға құқығы жоқ.

 

9-ЖАҒДАЙ

«Тогжан» ЖШС камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама жолданды, онда «Жан» ЖШС және «Нурж» ЖШС өз контрагенттердің мекен-жайын іске асыруды көрсетпеді. Салық төлеуші іске асыру бойынша айналымды көрсете отырып, қосымша салықтық есептілікті ұсыну жолымен хабарламаны орындады, алайда ұсынылған іске асыру жөніндегі шот-фактура тізілімінде көрсетілген контрагенттермен іске асыру бойынша айналымдар көрсетілмеді.

ТҰЖЫРЫМ

Осы жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама орындалмаған деп саналады, себебі Салық кодексінің 270-бабының 2-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларациямен бірге, декларацияның қосымшасы болып табылатын салық кезеңі ішінде сатып алынған және іске асырылған тауарлар, қызметтер, жұмыстар бойынша шот-фактура тізілімін табыс етіледі.

ҚҚС бойынша декларацияның қосымшасы мемлекеттік кірістер органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақапартты егжей-тегжейлі сипаттауға арналған.

«Тогжан» ЖШС өзінің салықтық есептілігінде хабарламада көрсетілген бұзушылықты көрсетпеді, сәйкесінше осы ЖШС-тың шығыс операциялары хабарламаны орындамағаны үшін тоқтатылады.

 

10-ЖАҒДАЙ

«Асқартау» ЖШС камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама жолданды, онда ҚҚС сомасын есепке жатқызудан және корпоративтік табыс салығы бойынша өзара есептеулерден сот жалған кәсіпорын деп таныған салық төлеушімен өзара есептеулер бойынша шығыс сомасын алып тастау қажет екені көрсетілген. ЖШС жалған кәсіпорын жазып берген шот-фактура бойынша ҚҚС есепке жатқызудан алып тастаумен ҚҚС бойынша қосымша салықтық декларацияны ұсыну жолымен хабарламаны орындады. Бұл ретте, корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесі орындалмады, яғни қосымша салықтық есептілік не түсіндірме табыс етілмеді.

ТҰЖЫРЫМ

Осы жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны «Асқартау» ЖШС толық көлемде орындамады, тиісінше, осы ЖШС шығыс операциялары хабарламаны орындамағаны үшін тоқтатылды.

 

11-ЖАҒДАЙ

«Батыс» ЖШС камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны алды, онда ҚҚС бойынша есепке жатқызу сомасы оның контрагенті «Арай» ЖШС-ын 1 млн.теңге сомасына және контрагент «Ай-Нур» ЖШС-ын 0,5 млн. теңге сомасына іске асыру бойынша айналым сомасын асатыны көрсетілген. «Батыс» ЖШС хабарлама бойынша «Арай» ЖШС-тың 1 млн. теңге мөлшеріндегі сомасын ғана көрсете отырып, ҚҚС бойынша қосымша декларацияны ұсынды. «Ай-Нур» ЖШС бойынша 0,5 млн.теңге сомасына салықтық есептілікті де, түсіндірмені де, шағымды да ұсынбады.

ТҰЖЫРЫМ

«Батыс» ЖШС осы жағдайда хабарламаны толық көлемде орындамады, осы ЖШС шығыс операциялары хабарламаны орындамағаны үшін тоқтатылды.

587-бабында түсініктемесін форумда талқылаймыз