Сұрақ: 
<p>Қызметкерді кәсіпорынға қалай қосуға болады?<br /> Қызметкерге өкілеттік қалай беріледі?<br /> Басшы демалысқа кетті. Оның орнына міндетін атқарушы тағайындалды. Оны жүйеге басшы ретінде тіркеу қажет пе?</p>
Жауап: 

Пайдаланушыны жүйеде кәсіпорынның қызметкері ретінде тіркеу үшін Сізге қызметкерге Жеке тұлға сертификатын алу және ЭШФ АЖ-де Жеке тұлға ретінде тіркелу қажет. Жүйеде сәтті тіркеуден өткеннен кейін, кәсіпорын басшысының атынан сіз осы қызметкерді кәсіпорынға шақыру жібересіз. Шақыруды қабылдағаннан кейін сіз қызметкерге сенімхат беру арқылы қызметкерге қажетті өкілеттікті беруіңіз керек.
Ескертпе
- Қызметкерге бас кәсіпорында жұмыс істеуге берілген уәкілеттік, сондай-ақ  бас ұйымның барлық филиалдарының атынан жұмыс істеуге де қолданылады. Яғни, бас ұйымның барлық филиалдары қызметкердің профилінде көрсетіледі және ол филиал үшін ШФ жазып бере, қабылдамайды/қайтарып ала алады.