ЭШФ жазып беру кезінде «СЭҚ ТН коды шығу белгісіне сәйкес келмейді» қате пайда болады.

Егер сізде СЭҚ ТН кодтары тауардың шыққан жеріне сәйкес келмейді деген қате болса, бұл СЭҚ ТН кодтарында тауардың шыққан жерінің белгісі дұрыс көрсетілмегенін білдіреді.
Төменде «G4 Тауар коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)» жолын толтырудың форматтық-логикалық талаптары келтірілген:

Қосымша ЭШФ жазып беру кезінде «Жанама салықтарды ескере отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны теріс болуы мүмкін емес» деген қате пайда болады.

 

Бұл қате негізгі және қосымша шот-фактуралардың сомалық мәндерінің сәйкес келмеуінен туындайды және нәтижесінде теріс мәндер болады.

Мысалы, Сіз 5 тауар үшін жиынтығы 100 000 теңге сомасына негізгі шот-фактураны жазып бердіңіз. Содан кейін тауарды толық қайтару бойынша қосымша шот-фактураны жазып бердіңіз, бірақ қосымша Шот-фактурада негізгі шот-фактураға қарағанда үлкен сомасы көрсеттіңіз (мысалы: -110 000 тг), сәйкесінше негізгі және қосымша шот-фактураларды жинақтай отырып - жалпы сома теріс мәндә береді.

ЭШФ беру кезінде «Мұндай нөмір мен күні бар шот-фактура бұрын болған, басқа нөмірді көрсетіңіз.» қатесі пайда болды. Ол нені білдіреді?

Жүйе бір күн ішінде есепке алу нөмірінің бірегейлігін тексереді, яғни егер ЭШФ сол күні жазып берілген жағдайда, Сіз сол нөмірді пайдалана алмайсыз, есепке алу жүйесінің нөмірін өзгерту қажет не есепке алу жүйесінің осы нөмірін пайдалана отырып, шот-фактураны басқа күні жазып беру қажет. 

Мен ШФ жазып бердім, бірақ онда қателіктер болды және мен оны кері қайтарып алдым. Маған түзетілген ШФ жазып беру керек деді. Түзетілген ШФ қалай жазылады?

Бұрын жазып берілген ЭШФ-ға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Түзетілген ЭШФ жазып бере аласыз. Бұл ретте, бұрын жазып берілген (негізгі) шот-фактура жойылады, яғни жарамсыз болады.

Мысалы, егер ЭШФ қате жіберілген жағдайда, кері қайтару жасалады (құжат жіберілмеуі керек, бірақ ол жіберілген). Қайтарып алу, сондай-ақ негізгі ЭШФ-да түзетілген ЭШФ жазып берумен түзетуге жатпайтын қателердің болған жағдайда қолданылады.

Қосымша ЭШФ жазып беру кезінде: «Негізгі және қосымша ҚҚ рұқсат етілген ережелерден өзгеше» қатесі пайда болады. Бұл нені білдіреді?

Бұл қате қосымша шот-фактураны ресімдеу кезінде В1, D, F, G және H бөлімдерінен басқа бөлімдерге өзгертулер енгізілгендігіне байланысты пайда болады. Қағидаларға сәйкес, негізгі шот-фактураға  қосымша шот-фактура жазып беру кезінде, қосымша шот-фактурада тек B1, D, F, G және H бөлімдерінің деректері ғана өзгертуге жатады. Басқа бөлімдердің барлық деректері негізгі шот-фактураның деректеріне сәйкес келетінін тексеруді сұраймыз (таңбалар мен бос орындарға дейін). Қосымша ЭШФ G, H бөлімдерінде позициялар саны негізгі ЭШФ позициясының санына сәйкес келуі керек.

Мен қайтаруға шот-фактураны жазып беруім керек, бірақ негізгі шот-фактура қағаз жүзінде жазып берілген. ЭШФ-ны электрондық түрде қалай жазуға болады?

Егер Сіздің бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген ШФ-ға Қосымша/Түзетілген ШФ жазуып беруіңіз қажет болған жағдайда, онда алдымен қағаз жеткізгіштегі ШФ енгізу функционалының көмегімен негізгі ШФ электрондық түрде жазуыңыз қажет.
Әрі қарай, электрондық түрде құрылған негізгі ШФ-ға қажетті Қосымша/Түзетілген ШФ-ны жазып бересіз.

ЭШФ-ны жіберу кезінде «ЭМС актісіндегі және шот-фактурадағы мәліметтер әртүрлі» қате пайда болды.

Бұл қате ЭМС актісіндегі және жіберілетін ЭШФ-дағы деректер арасында айырмашылықтар болған кезде пайда болады. Сіз ЭШФ АЖ порталында ЭМС актісінің негізінде мынадай түрде ЭШФ жазып беру қажет: > Орындалған жұмыстар актілерінің журналы> ЭМС актісі> ЭШФ жазып берілетін және  қате беретін актіні табу> оны таңдап, «ЭШФ құру» түймесін басыңыз. Нәтижесінде жүйе бекітілген ACT деректерімен ЭШФ автоматты түрде толтыруы керек. Әрі қарай, ЭШФ-ны толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, кейін жіберу керек.

Кәсіпорынды тіркеу кезінде Келісімге қол қою қадамында жеке тұлғаның кілтімен қол қою қажет деген қате пайда болды. Бірақ біз ЖШС тіркеудеміз.

 

Жүйе тіркелу кезінде Сізден Басшының атындағы Жеке тұлғаның қол қою сертификатымен (RSA) Келісімге Жеке тұлғаның қол қоюын талап етеді. Егер Сізде Басшының ЖТ сертификаты болмаса, оны алу қажет, себебі жүйе ЗТ тіркеумен бірге,  Жеке тұлға ретінде Кәсіпорынның басшысын бір мезігілде тіркейді, сондықтан пайдаланушыны немесе кәсіпорындарды тіркеу кезінде Басшының ЖТ сертификаты болу қажет.
Басшының ЖТ сертификаты: AUTH_RSA ... және RSA екі файлдан тұрады.

Егер бейрезидентте ЖСН болмаса, шот-фактураны қалай жіберуге болады? Жүйе бұл жолды толтыруды қажет етеді.

Бейрезиденттің мекенжайына ЭШФ жазып беру кезінде
Егер «Алушы санаты» деген 20 жолда «F» «Бейрезидент» ұяшығы белгіленген жағдайда, бұл жолды толтыру міндетті емес.

Валюта кодын түзете алмаймын.

Валютада ЭШФ жазып беру «Е - ӨБК қатысушы», «G - экспорттаушы» немесе «Н - халықаралық тасымалдаушы» өнім беруші санатын таңдаған кезде қол жетімді. Осы санаттардың біреуін таңдаған кезде, Валюта коды жолында  қажетті мәнді енгізуге болады.

ВҚ-ға қалдықтарды енгізу кезінде «Көрсетілген нөмірмен құжат Виртуалдық қоймаға енгізгеннен кейін тіркелген. Қалдықты енгіуге мүмкіндікжоқ» қатесі пайда болады.

Қазіргі уақытта импортталатын тауарлар бойынша қалдықтарды тек СЭҚ ТН осы коды бойынша виртуалды қоймаға енгізу басталған күнге дейін  ресімделген тауарларға арналған декларациялар (бұдан әрі - ТД) және 328 нысаны бойынша салық есептілігі (бұдан әрі – 328 СЕН) бойынша ғана енгізуге болады. Виртуалды қоймаға СЭҚ ТН енгізу басталған күннен кейін ресімделген ТД, 328 СЕН жүйеге автоматты түрде түседі.

Қосымша ШФ қалай жазып беруге болады? Қайтарып алуға ШФ-ны қалай жазып беруге болады?

 

Қосымша ШФ-ны жазып беру кезінде барлық позициялар қайтаруға қатыспаса да, бұл позициялар шот-фактурада қалатындығын ескеру қажет. Яғни негізгі және қосымша шот-фактуралардағы позициялар саны сәйкес келуі керек. Қайтарылмайтын тауарлар позициясына назар аударыңыз. Егер тауар бойынша өзгерістер болмаса Саны бағанында 0 көрсетесіз және өзгерістері бар тауарға теріс санды көрсетесіз. Тауар  бірлігі үшін баға бағанында, негізгі ШФ-ғы баға қойылады. 

Қызметкерді кәсіпорынға қалай қосуға болады?
Қызметкерге өкілеттік қалай беріледі?
Басшы демалысқа кетті. Оның орнына міндетін атқарушы тағайындалды. Оны жүйеге басшы ретінде тіркеу қажет пе?

Пайдаланушыны жүйеде кәсіпорынның қызметкері ретінде тіркеу үшін Сізге қызметкерге Жеке тұлға сертификатын алу және ЭШФ АЖ-де Жеке тұлға ретінде тіркелу қажет. Жүйеде сәтті тіркеуден өткеннен кейін, кәсіпорын басшысының атынан сіз осы қызметкерді кәсіпорынға шақыру жібересіз. Шақыруды қабылдағаннан кейін сіз қызметкерге сенімхат беру арқылы қызметкерге қажетті өкілеттікті беруіңіз керек.
Ескертпе

Мен, шот-фактураға қол қойдым және жібердім, қазір оны таба алмаймын.
ЭШФ жіберілгеннен кейін жоғалып кетті.

 

Базасында тек тіркеу нөмірлерін алған ЭШФ бар.
Жіберілген ШФ-ны порталдағы барлық сүзгілерде  қайтадан тексеріңіз (олардың тіркеу нөмірін алғанын). Егер жүйеде ШФ болмаса, оларды қайтадан жазу керек. Қол қойып, жібергеннен кейін шот-фактура форматтық-логикалық бақылауды өткізеді. ФЛБ тексергеннен кейін шот-фактура не Жіберілген бөліміне не Қате – жұмыс жүргізілуде бөліміне жіберіледі. Егер шот-фактура Қате бөлімге жіберілсе, онда осы шот-фактураны ашып, сіз осы бөлімге түскен қателерді анықтай аласыз.