Сұрақ: 
<p>Мен ШФ жазып бердім, бірақ онда қателіктер болды және мен оны кері қайтарып алдым. Маған түзетілген ШФ жазып беру керек деді. Түзетілген ШФ қалай жазылады?</p>
Жауап: 

Бұрын жазып берілген ЭШФ-ға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Түзетілген ЭШФ жазып бере аласыз. Бұл ретте, бұрын жазып берілген (негізгі) шот-фактура жойылады, яғни жарамсыз болады.

Мысалы, егер ЭШФ қате жіберілген жағдайда, кері қайтару жасалады (құжат жіберілмеуі керек, бірақ ол жіберілген). Қайтарып алу, сондай-ақ негізгі ЭШФ-да түзетілген ЭШФ жазып берумен түзетуге жатпайтын қателердің болған жағдайда қолданылады.

ЭШФ-ны қайтарып алу ауыстыратын құжатты жазып беру қажеттілігінсіз негізгі ЭШФ жарамсыз деп тануды білдіреді. Тиісінше, «Қайтарып алынған» мәртебесі бар ЭШФ-ға Түзетілгенді жазып беру мүмкін емес.

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы ЭШФ қайтарып алынғандығы туралы ақпарат алған жағдайда, ЭШФ қайтарып алынған күннен бастап 10 күн ішінде Қайтарып алудан бас тарту арқылы операциямен келіспейтіндігін білдіруге құқылы. Шот-фактураны алушының қайтарып алудан бас тартуы қайтарып алу операциясының жойылуын білдіреді. Құжат жарамды болып қалады. Әрі қарай, Сіз оған түзетілген ШФ жаза аласыз.