Сұрақ: 
Келесі сұрақтар бойынша түсініктеме беруіңізді сұраймын? 1) Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған кезде кәсіпкер қандай елдермен 3 жыл мерзімге табыс салығынан босату ережесін қолдануға құқылы? 2) Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер, егер ол бірінші жарты жылдықта импортталған тауарларды алған болса, 2020 жылдың екінші жарты жылдығында Салық кодексінің 687 бабына сәйкес салық кезеңін есептегенде салық сомасын 100 пайызға азайтуға құқылы ма? Сонымен бірге, 2020 жылдың екінші жартысында жеке кәсіпкер импорттық тауарларды алмайды?
Жауап: 

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 57-4 бабының ережелері микро және шағын бизнес субъектілерін 3 жылға босату сыртқы экономикалық қызметті (бұдан әрі - СЭҚ) жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері»  2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес, салық және бюджет саясатты қалыптастыру, оның ішінде, салық төлеушілерді анықтау, жеңілдіктер мен салықтық мөлшерлемелерді белгілеу мәселесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - ҰЭМ) құзыретіне жатады.

Осылай, уәкілетті органның (ҰЭМ) түсіндірмесіне сәйкес, СЭҚ – өндірістік, ғылыми - техникалық салада, тауардың экспорты, импорты және кәсіпорындардың халықаралық өткізу нарығына шығуында жүзеге асырылатын шаруашылық қызмет саласы ретінде түсініледі.

Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі-ЕАЭО) тауарлардың, сондай-ақ, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы және экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, ҰЭМ пікірінше, жоғарыда көрсетілген шектеу ЕАЭО шеңберіндегі сыртқы экономикалық қызметке қолданылмайды (ЕАЭО мүшелері – Қазақстан Республикасы, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы).

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар деп үшінші елдермен қатысты тауарлар импорты мен экспортын, жұмыс пен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар деп түсініледі.

Осылайша, жеке кәсіпкер ЕАЭО елдеріне қатысты қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ, Заңның 57-4 бабының басқа талаптарына сәйкес келсе, 3 жыл мерзімге табыс салығынан босату ережесін қолдануға құқылы.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі қолданатын салық төлеушілер үшін есепті салық кезеңі - жарты жыл болып табылады.

Егер кәсіпкерде есепті кезең ішінде СЭҚ шеңберінде бір операция болса, онда ол осындай есепті салық кезеңіне салықтан босатуды қолдану құқығынан айырылатынын атап өту қажет.

Сондай-ақ, салық төлеушінің табыстарға салық төлеу жөніндегі міндеттері ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушы болған салық кезеңінде ғана туындайтынын хабарлаймыз.

Сонымен, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырмайтын жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 687-бабына сәйкес есептелген салық сомасын тек 2020 жылдың екінші жарты жылдығына, сондай-ақ, Заңның 57-4 бабының талаптарына сәйкес болса, 100 пайызға азайтуға құқылы.