Сұрақ: 
<p>Тасымалдаушылардың уәжді өтініштеріне байланысты (ХТКҚ техникалық сынуы, өткізу пунктінің төмен өткізу қабілеті және т.б.), рұқсат етілген шектен артық кедендік транзит мерзімін ұзартуға мүмкін бе.</p>
Жауап: 

Заңнамаға сәйкес жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі – кедендік транзит мерзімі) белгілейді.

Сонымен бірге, теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.

Бұл ретте кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалдаушының уәжді өтініш жасауы бойынша кедендік транзиттің белгіленген мерзімнің шегінде ұзартылуы мүмкін.

Кодекстің 224-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленген мерзімнен асуы мүмкін емес.

Кедендік транзиттің шекті мерзімінен артық тауарларды жеткізу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қолданыстағы заңнамада көзделмеген.