Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде навигациялық пломбаларды пайдалануды енгізу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат бар. Бұл навигациялық пломбаларды енгізу тасымалдаушыға не береді?

Навигациялық пломбаларды енгізу тауарлар мен көлік құралдарының шекарасынан өтуді жеделдетуге, сондай-ақ спутниктік жүйелерді пайдалана отырып, олардың жүру жолында орын ауыстыруды қадағалауға мүмкіндік береді, осының есебінен тасымалдаушы үшін кедендік рәсімдерді оңайлатуға болады.

Оңайлатулар ең алдымен қаржылық кепілдіктерге, сондай-ақ ЕАЭО аумағы бойынша санкциялық тауарлардың кедергісіз қозғалысына қатысты болады.

 

Осыған байланысты кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету шараларының бірі ретінде кедендік алып жүру тоқтатылды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның алдын алу, сондай-ақ таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік шаралар ерекше өкімге дейін сақталады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметкерлерінің сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылын барынша азайту шаралары қабылданды.

Осыған байланысты, кедендік алып жүруді жүзеге асыру уақытша мүмкін емес.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде навигациялық пломбаларды пайдалануды енгізу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат бар. Бұл навигациялық пломбаларды енгізу тасымалдаушыға не береді?

Навигациялық пломбаларды енгізу тауарлар мен көлік құралдарының шекарасынан өтуді жеделдетуге, сондай-ақ спутниктік жүйелерді пайдалана отырып, олардың жүру жолында орын ауыстыруды қадағалауға мүмкіндік береді, осының есебінен тасымалдаушы үшін кедендік рәсімдерді оңайлатуға болады.

Оңайлатулар ең алдымен қаржылық кепілдіктерге, сондай-ақ ЕАЭО аумағы бойынша санкциялық тауарлардың кедергісіз қозғалысына қатысты болады.

 

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай-Германия бағыты бойынша кедендік транзит кедендік рәсімі бойынша жүктерге тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, көлік құралдарын ауыстыру қажеттілгі туындады.

- көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтерді транзиттік декларацияның 55-бағанына көрсету қажет пе?

- Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын ауыстыруға арналған рұқсатты алу үшін транзиттік декларацияның 55-бағанына осындай мәліметтер жеткілікті болып табылады ма?

- егер кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде көлік құралдарын ауыстыру жоспарланған жағдайда, транзиттік декларацияның 55-бағанында «Транзиттік декларацияны толтыру нысаны және тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 289 шешімінің 7-тармағына сәйкес жаңа көлік көлік құралы туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қандай мерзімде автомобиль көлігімен ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты алдын ала ақпараттандыру ұсынылады?

Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 17.04.2019 жылғы  № 56 шешіміне сәйкес, алдан ала ақпараттандыру Одақтың кедендік аумағына тауарларды ікелгенге дейін 2 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.

Егер көлік құралының мемлекеттік тіркелу туралы құжатта (техқұжат) көрсетілген ең жоғарғы рұқсат массасынан көлік құралының массасы асып түскен жағдайда, тартқыш пен жартылай тіркеме (рефрижераторлар, қалқалы жартылай тіркемелер және т.б.) құрамындағы автопоездтің рұқсат етілген ұзындығы қанша? 

Әзірлеуші зауытпен бекітілген автокөлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы көлік құралының рұқсат етілген массасынан асып түскен жағдайда, ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау үшін конструкциясы және бағыты бойынша арнайы арналған автопоездтар категориясына жатады. Сәйкесінше рұқсат етілген ұзындығы 20 метрді құрайды.

      Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау үшін конструкциясы және бағыты бойынша арнайы арналған автопоезд нені тұспалдайды? 

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР) сәйкес  «автопоезд» - автомобильмен және сүйремелі жартылай тіркемемен немесе тіркемемен (тіркемелер) жасалған көлік құралы.

Согласно техническому регламенту Таможенного союза ТР ТС 018/2011 «О безопасности колесных транспортных средств» (далее – ТР ТС) «автопоезд» - транспортное средство, образованное автомобилем и буксируемыми полуприцепом или прицепом (прицепами).

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166–VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметіне, бағалы қағаздар нарығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына сәйкес, онлайн режимінде сақтандыруға және сақтандыру полисінің заңдылығын электрондық түрде қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық түзетулер енгізілген.

ЕАЭО кеден шекарасындағы өткізу пунктерде көліктік бақылау жүргізу кезіндекеден бекеттерінің лауазымды тұлғаларымен тасымалдаушыда оның сақтандыру полисінің болуы (жарамдылық мерзімі,заңға сәйкестігі) тексеріледі.

Осыған сәйкес, электронды формада сақтандыру полистерін өткізу пунктерінде тексеруді жүргізу үшін автоматтандырылған деректер базасын қондыру қажеттілігі туады. 

Сақтандыру полисінің тасымалдаушыда болуын бақылауды «Мемлекеттік кредиттік бюроның» сайтында id.mkb.kz сілтемесінен тексеруге болады.

Осыған байланысты, Біріккен сақтандыру деректер базасы Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (БСДБ ААЖ) кіру рұқсатын алудың қажеттілігі жоқ.

«АСТАНА-1» АЖ-да транзиттік декларацияның «Принципал және оның уәкілетті өкілі» 50-бағанын толтыру тәртібін түсіндіріңіз.

«АСТАНА-1» АЖ-да 9-бағын (Тасымалдаушы) мен                 14-бағанды (Декларант) толтыру кезінде транзиттік декларацияның электрондық нысанандағы қалқымалы терезеде салық төлеушілердің деректер базасынан мәліметтер, оның ішінде мекенжайы автоматты көрсетіледі. Жүйеде осындай мәліметтерді енгізу кезінде өрістер еркін толтыру үшін бапталған, және автоматты көрсетілетін мәліметтердің қандай да бір сәйкессіздік жағдайында, түзетулер мен дұрыс мәліметтерді енгізу үшін қол жетімді. 

При заполнении в ИС АСТАНА-1 граф 9 (Перевозчик) и 14 (Декларант) электронной формы транзитной декларации во всплывающем окне автоматически отображаются сведения из базы данных налогоплательщиков, в т.ч. адрес. Поля для внесения таких сведений в системе настроены для свободного заполнения, и в случае каких-либо несоответствий автоматически отображаемых сведений, доступны для корректировки и внесения достоверных сведений.

При заполнении в ИС АСТАНА-1 граф 9 (Перевозчик) и 14 (Декларант) электронной формы транзитной декларации во всплывающем окне автоматически отображаются сведения из базы данных налогоплательщиков, в т.ч. адрес. Поля для внесения таких сведений в системе настроены для свободного заполнения, и в случае каких-либо несоответствий автоматически отображаемых сведений, доступны для корректировки и внесения достоверных сведений.

Егер шетелдік тауарларға қатысты оларды ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелгеннен кейін, бірақ кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру кезінде белгілі бір межелі кеден органына тауарлар келгенге дейін тауарға арналған декларация берілген және «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсіміне сәйкес автоматты режимде шығарылған жағдайда, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру міндетті ме.   

Кодекстің 231-бабына сәйкес Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына тауарлар жеткізілгеннен кейін аяқталады.

Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орнында тауарлар кедендік бақылау аймағына, оның ішінде тауарлар өздері жеткізілген көлік құралынан түсірілмей орналастырылады. Тауарлар кедендік бақылау аймағына тәуліктің кез келген уақытында орналастырылады.

Тасымалдаушылардың уәжді өтініштеріне байланысты (ХТКҚ техникалық сынуы, өткізу пунктінің төмен өткізу қабілеті және т.б.), рұқсат етілген шектен артық кедендік транзит мерзімін ұзартуға мүмкін бе.

Заңнамаға сәйкес жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі – кедендік транзит мерзімі) белгілейді.

Сонымен бірге, теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.

Срок временного хранения товаров составляет 2 месяца.