Сұрақ: 
<p>Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166–VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметіне, бағалы қағаздар нарығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына сәйкес, онлайн режимінде сақтандыруға және сақтандыру полисінің заңдылығын электрондық түрде қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық түзетулер енгізілген.</p> <p>ЕАЭО кеден шекарасындағы өткізу пунктерде көліктік бақылау жүргізу кезіндекеден бекеттерінің лауазымды тұлғаларымен тасымалдаушыда оның сақтандыру полисінің болуы (жарамдылық мерзімі,заңға сәйкестігі) тексеріледі.</p> <p>Осыған сәйкес, электронды формада сақтандыру полистерін өткізу пунктерінде тексеруді жүргізу үшін автоматтандырылған деректер базасын қондыру қажеттілігі туады.&nbsp;</p>
Жауап: 

Сақтандыру полисінің тасымалдаушыда болуын бақылауды «Мемлекеттік кредиттік бюроның» сайтында id.mkb.kz сілтемесінен тексеруге болады.

Осыған байланысты, Біріккен сақтандыру деректер базасы Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (БСДБ ААЖ) кіру рұқсатын алудың қажеттілігі жоқ.