Сұрақ: 
<p class="rtejustify">Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай-Германия бағыты бойынша кедендік транзит кедендік рәсімі бойынша жүктерге тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, көлік құралдарын ауыстыру қажеттілгі туындады.</p> <p class="rtejustify">- көлік құралдарын ауыстыру туралы мәліметтерді транзиттік декларацияның 55-бағанына көрсету қажет пе?</p> <p class="rtejustify">- Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын ауыстыруға арналған рұқсатты алу үшін транзиттік декларацияның 55-бағанына осындай мәліметтер жеткілікті болып табылады ма?</p>
Жауап: 

- егер кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде көлік құралдарын ауыстыру жоспарланған жағдайда, транзиттік декларацияның 55-бағанында «Транзиттік декларацияны толтыру нысаны және тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 289 шешімінің 7-тармағына сәйкес жаңа көлік көлік құралы туралы мәліметтер көрсетіледі.

- «Кедендік транзит кедендік рәсімін қоданудың кейбір мәселелері туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 13.12.2017 жылғы № 170 шешімімен бекітілген тәртіпке сәйкес, көлік құралдарын ауыстыруға кеден органынан рұқсатты алу үшін, тасымалдаушы уәкілетті кеден органына еркін нсыанда қағаз немесе электрондық тасымалдағышта өтінішті жолдайды.

Осылайша, транзиттік декларацияның 55-бағанында көрсетілген мәліметтер көлік құралдарын ауыстыру үшін рұқсат болып табылмайды.