Сұрақ: 
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде навигациялық пломбаларды пайдалануды енгізу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат бар. Бұл навигациялық пломбаларды енгізу тасымалдаушыға не береді?
Жауап: 

Навигациялық пломбаларды енгізу тауарлар мен көлік құралдарының шекарасынан өтуді жеделдетуге, сондай-ақ спутниктік жүйелерді пайдалана отырып, олардың жүру жолында орын ауыстыруды қадағалауға мүмкіндік береді, осының есебінен тасымалдаушы үшін кедендік рәсімдерді оңайлатуға болады.

Оңайлатулар ең алдымен қаржылық кепілдіктерге, сондай-ақ ЕАЭО аумағы бойынша санкциялық тауарлардың кедергісіз қозғалысына қатысты болады.