Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Егер тұлға шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті белгіленген мерзімде немесе есептілікте дұрыс емес ақпарат көрсетсе қандай шаралар қабылданатын болады?</em></p>
Жауап: 

ҚР Салық кодексінің 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды, оның ішінде 017.00, 018.00 нысандардағы есептіліктің табыс етуі мен жасалуы бойынша міндеттемесін жүзеге асырады. Салықтық бақылау ҚР Салық кодексінің 607-бабы сәйкес ҚР салық заңнамасындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қою арқылы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР ӘҚБтК 460-1-бабында көзделген, әкімшілік жауапкершілікке тарту айыппұл түрінде жүзеге асырылады.