Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау жауапкершілігі қандай?</em></p>
Жауап: 

ҚР ӘҚБтК 460-1-бабымен шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау - жеке тұлғаларға – 50 (елу), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 (бір жүз), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 300 (үш жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде қарастырылған.

Анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер беру – қызметке тоқтата тұра отырып, жеке тұлғаларға – 100 (бір жүз), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 (екі жүз), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 400 (төрт жүз), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 700 (жеті жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде қарастырылған.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) - қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – 150 (бір жүз елу), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 250 (екі жүз елу), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 450 (төрт жүз елу), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1000 (бір мың) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.