Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік көздерден алынған ақша туралы мәміле жасалса, мәміле ауызша жасалған (растайтын құжат жоқ), бұл жағдайда 017.00 нысандағы есептілікте «Мәмілені жасау туралы құжаттың күні» L және «Мәмілені жасау туралы құжаттың нөмірі» M бағандарын қалай толтыру керек?</em></p>
Жауап: 

Форматты-логикалық бақылау (ФЛБ) ақпараттық жүйесінде жүзеге асыруға сәйкес 017.00 н. есептілікті толтыру және мемлекеттік кірістер органдарына жіберу кезінде - М бағанында - «0 (нөл)», L бағанында мәміле жасалған күнді көрсету қажет. ФЛБ есептілікті толтыратын тұлғаларға көмек көрсету үшін арналған, камералдық бақылау жүргізу мақсатын көздемейді және ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. № 553 бұйрығымен белгіленген 017.00 н. есептілікті табыс ету және жасау (толтыру) Қағидаға сәйкес әзірленген.