Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті қандай тәсілмен тапсыруға болады (017.00, 018.00 нысандар)?</em></p>
Жауап: 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша өз таңдауы бойынша:

келу тәртібінде - қағаз жеткізгіште;

ҚР Салық кодексінің 572-бабына сәйкес электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде бар, салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынады.

Бірінші жағдайда есептілік мемлекеттік кірістер органдарының аудандар, қалалар және қалалардағы аудандардың Қызмет көрсету орталықтарында табыс етіледі.

Екіншісінде – «СТ СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінің Салық төлеушінің кабинеті арқылы. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталында (kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» порталында (e-gov) және мемлекеттік кірістер органдарының аудандар, қалалар және қалалардағы аудандардың Қызмет көрсету орталықтарында орналастырылған, Салық төлеушілердің терминалдарында шығу мүмкіндігі бар.