Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) 6202 МКО-ға тапсырды, ал 3020 МКО-ға тапсыру қажет еді. Одан ары қарайғы іс-әрекеті қандай?</em></p>
Жауап: 

ҚР Салық кодексінің нормасына сәйкес 017.00, 018.00 есептілік нысандар бойынша кері қайтарып алу қарастырылмаған, себебі салық есептілігі нысанына жатпайды. Осыған орай, 017.00, 018.00 н. есептілігінде мемлекеттік кірістер органының коды дұрыс көрсетілмесе, «минус» белгісімен сомалары бойынша және «(нөл)0» белгісімен басқа деректер бойынша «Қосымша (лар)» түрімен 6202 МКО-ға есептілікті жасау және табыс ету арқылы есептілікке өзгерістер енгізу қажет. 3020 МКО-ға есептілік түрі «негізгі (лер)» міндетті түрде барлық көрсеткіштерді толтыра отырып тапсыру қажет. 017.00, 018.00 есептілігін табыс ету мерзімін бұзған жағдайда, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік  қарастырылған (ҚР ӘҚБтК-нің 460-1-бабы).