Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>2016 жылғы желтоқсанда шетелдік ұйымдардан ақша алып мәміле жасасты, бірақ осы ақшаны жұмсау кейінірек болады. Мемлекеттік кірістер органдарына қалай есеп береді?</em></p>
Жауап: 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 19.10.2016 жылғы №№ 553, 554 бұйрықтарымен шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті табыс ету нысандар, тәртіптер және мерзімдері белгіленген.

Салық кодексінің 1-1-бабы 1-тармағында көзделгендей ақша алушының қызметі мақсаттарға бағытталған жағдайда, 2016 жылғы желтоқсанда шетелдік ұйымдардан ақшаны алғандығы туралы мәміле жасалған күннен кейін 10 жұмыс күн ішінде 017.00 нысандағы есептілікті ұсына отырып мемлекеттік кірістер органдарын хабардар ету қажет.  Сосын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын 018.00 нысандағы есептілікті, алынған ақшаны толық жұмсағанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету қажет.