Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасындағы шетелдік қаржыландыру алушылар үшін жаңа есептілікті енгізетін төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша ҚР Заңы қабылданды. Қай кезден бастап салық органына есеп беру қажет?</em></p>
Жауап: 

Көрсетілген Заңның шеңберінде есептілікті 017.00, 018.00 нысандар бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-2 және 1-1 тармақтарымен қарастырылған (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді). Бұл ретте  шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті табыс ету тәртібі, нысандары, мерзімдері ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген. Осы бұйрықтар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілген (2016 жылғы 14 және 21 қарашада), яғни

017.00 н. есептілік – 2016 жылғы 25 қарашадан бастап;

018.00 н. есептілік – 2016 жылғы 2 желтоқсаннан бастап.

017.00, 018.00 н. есептіліктерді мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету бойынша міндеттілік осы күндерден бастап туындайды.